• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:22:37
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Саясат

Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуроры болды

Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне 2016 жылдың 26-сәуірде тағайындалған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Сенатына Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына ұсынды. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасы хабарлады. 

«ҚР Парламенті Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын қолдады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне 2016 жылдың 26-сәуірде тағайындалған болатын.

Қайрат Қожамжаров Тараз қаласында 1965 жылы 24 наурызда дүниеге келген. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен.

1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған.

1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті.

Әр түрлі лауазымдарда:

2001 жылғы ақпаннан бастап агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы, 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары болды. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2012 жылғы қаңтардан - Ақмола облысының әкімі.

2013 жылғы қаңтардан - ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2014 жылы тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағалығына тағайындалған. Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.


Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір