• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:37:41
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018

Қайрат Нұртас пен Арыстанбек Мұхамедиұлы "брусьяда" жаттықты (видео)

Бұл бастаманың мақсаты – бұқаралық спортты Қазақстанда тарату.

Қайрат Нұртас, Серік Сапиев және Әділ Ахметов өздерінің қабілеттерін көрсетті.

Шоу-бизнес, кино және спорт жұлдыздары Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Street Workout KZ» акциясына қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастаманың мақсаты – бұқаралық спортты Қазақстанда тарату. Street Workout – бұл көшедегі жаппай спорттың қарқынды дамып келе жатқан түрі болып табылады. Арнайы техниканы талап етпейді: барлығы қарапайым, ол үшін көшедегі турниктер мен арқандар жеткілікті.

Жобаның негізгі сыйлығы – конкурстың жеңімпазы атанған аймақ Street Workout-пен айналысу үшін жаңа алаңға ие болады. Ол үшін байқаудың шарттарын орындау қажет. Шарттары да өте қарапайым, қазақстандықтар жаттығу бейнелерін желілерде бөліссе жеткілікті. Байқау жайлы толығырақ  Challenge Street Workout  KZ веб-сайтынан біле аласыздар.

Арыстанбек Мұхамедиұлы жобаны өзі бастап, «Street Workout KZ» байқауын – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, танымал әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдады.

«Challenge Street Workout KZ» жобасын бастап – алғашқы қатысушылары ретінде «Алға, Қазақстан, Жаса, Қазақстан!» деп қазақстандықтарға үндеу тастады.

Байқауға қатысып жүлделі болуға асығыңыз! Оны Street Workout-тың арнайы алаңында жасау міндетті емес, кез-келген жерден өзіңіздің бейнелеріңізді түсіріп, өзіңізге ыңғайлы алаңнан бізге жолдаңыз! Бейнені әуесқойлық және тұрақты камера телефонынан да түсіруге болады.

Конкурс 10 маусымға дейін өткізіледі, 15 маусым күні қорытындысы жарияланатын болады.

Сонымен қатар, бейнетаспаны «Challenge Street Workout KZ» жобасының сайтында орналастыруға болады.

Жолдаманы қабыл ал! Challenge Street Workout  KZ байқауына қатыс!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір