• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:52:47
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Қарағандыны ыстық су басты

2018 жылдың 13 наурызында Республика көшесіндегі құбырда диаметрі 720 миллиметр ақау табылған.

Қарағандының оңтүстік-шығысындағы шағын ауданда құбыр жарылып, көшені ыстық су басты, деп хабарлайды tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, су басқан аумақ бір километрді алды.

- Құбыр жарылғаннан кейін Республика көшесіне қарай ыстық су ағылып келіп жатты. Будың салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Ештеңе көрінбейді, - дейді жүргізуші.

«Орбита» шағын ауданының тұрғындары үйлерінде қазір ыстық су мен жылу жоқтығын айтып, шағымданып жатыр.

«Қарағанды жылу транзит» ЖШС-ның хабарлауынша, құбырдың жарылғаны кеше күндіз сағат төртте анықталған.

- 2018 жылдың 13 наурызында Республика көшесіндегі құбырда диаметрі 720 миллиметр ақау табылған. Соның салдарынан 144 көп қабатты үй, үш жер үй және 32 заңды тұлғылардың ғимараты ыстық су мен жылусыз қалды, - деді компания өкілі.

Аталған компания ақауды түзеу үшін екі апатты қалпына келтіру тобы құрылғанын хабарлады.  Топ 14 адамнан тұрады, олар 9 арнайы техникамен жұмыс істеп жатыр.

-   Табылған ақау мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалпына келтіріледі, деді «Қарағанды жылу транзит» ЖШС баспасөз қызметі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір