• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:17:06
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2017 Кәсіпкер

«Қара жорға» биін билеген африкалықтар көпшілікті тәнті етті

Африкалық павильонның комиссары Филип Конте ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырту алғандары үшін қазақ халқына алғысын білдірді.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Африка Ұлттық күні аясында африкалық павильонның меймандары қара жорға биін биледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек дауылпаздармен түрлі әуендер сомдалып, сахнада Африка халқының дәстүрлі билері де орындалды.  

Дәстүрлі флангтан кейін сахна төріне африкалық павильонның комиссары Филип Конте шықты.

«Африкаға келіңіздер. Бірақ біздің минералдарды өндіріп, өз елдеріңіздің пайдасын көздеу үшін келудің қажеті жоқ. Инвестиция жасап, тең дәрежеде жұмыс істеуге келіңіздер», - деді Конте.

Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырту алғандары үшін қазақ халқына алғысын білдірді. Африканың ұлттық күнінде елдің дәстүрін тамашалау үшін қалың бұқараның жиналғанына қуанышты екенін жеткізді.

Видео: inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір