• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:54:52
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әдебиет

Тағдыр талқысы

Тартылып қалған аралдай.

Табанға біткен жарадай.

Қақпанмен ұстап қасқырды,

Талатқан итке заман-ай.

Мезгілсіз келген жаңбырдай.

Қапыда әттең қалдырдай.

Мәрені бермес тұлпарды,

Тұсаулап қойған тағдыр-ай.

Ала аяқтарды аңдамай.

Қарға құзғынды таңдамай.

Көгімде самғар қыранды,

Құрсаулап қойған жалған-ай.

Сатқындар шығып арадан.

Сүрінгеніңді қалаған.

Көлеңкең болып көрінбей,

Абайды кім ол сабаған.

Сүрінбей өтіп сынақтан.

Шыққанда шыңнан құлатқан.

Кім болды жалған базарда,

Мұқағалиды жылатқан.

Тас түнек жасап жарықты.

Сеземін иттік танытты.

Ор қазып кімдер жықты екен,

Балуан Шолақ алыпты.

Бұл жалған бермес төрінай.

Теп тегіс болмас жолы ұдай.

Құлагері озса омалтқан,

Батырашы бітпес өмір-ай.

Қарадан шыққан хандардай.

Ағарып атқан таңдардай.

Алаштың арда ұлына,

Жаратқан өзің жар болғай.

Ержан Тоқтар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір