• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:50:51
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 IT

Qamshy.kz оқырмандарға сайтта пікір жазу тәртібінің өзгергенін ескертеді

Сайтқа тіркелуші тіркелу арқылы сайт ережелерімен түгелдей келіседі әрі заң талабын сақтауға міндеттеледі.

1 мамырдан бастап «Ақпараттандыру туралы заңның» 36 бабы талабына сай Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандары сайтта SMS верификациядан өткен соң ғана пікір жаза алады. Аталған заңда 2017 жылдың 28 желтоқсанында бекітілген түзетулер бойынша желілік басылымдар үшін міндеттеме қосылған. Бұндай қадам ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуы мен арандатудың алдына алу мақсатында жасалып отыр.

Материалға пікір білдіргісі келген белсенді оқырман сайттағы кез-келген материалдың соңындағы сайтқа тіркелу батырмасы арқылы тіркеле алады. Ол үшін өзін ұялы телефонына баратын SMS код арқылы нақтылауы жеткілікті. Тіркелуші аты-жөнін, құпия сөзін енгізіп тіркелгеннен кейін тіркелгісіне сурет қоя алады. Әрі осыған дейін өзі жазған пікірлер тізбегін де көруіне мүмкіндік бар.

SMS

SMS

Сайтқа тіркелуші тіркелу арқылы сайт ережелерімен түгелдей келіседі әрі заң талабын сақтауға міндеттеледі.

«Ақпараттандыру туралы заңға сай» желілік басылым және ұялы байланыс операторы сайт оқырмандарының(абоненттердің) жеке мәліметі таралмауына кепілдік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір