• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:29:19
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2015 NEWS

Қамшы.KZ – "Қазақ хандығына 550 жыл" Мерекелік кеш қорытындысы (фото/видео)

Естеріңізде болса, былтыр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет көлемінде атап өтеміз" деген мәлімдемесінен кейін,...

Естеріңізде болса, былтыр ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекет көлемінде атап өтеміз" деген мәлімдемесінен кейін, алғашқылардың бірі болып "Қамшы" порталы қазақ қаламгерлері арасында шығармашылық бәйге жариялаған болатын.

Осыған орай, кеше М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Қамшы" порталының ұйымдастыруымен "Қазақ хандығына 550 жыл" толуына орай мерекелік қорытынды концерт болып өтті.

Мерекелік концерт барысында оқырмандардың безбеніне түсіп, әділ қазылардың таразысынан електеліп, жүлдегер атанған шығарма авторларына арнайы сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді. Проза бағыты бойынша бәйгенің бас жүлдесін Мұрат Алмасбекұлы мен Ерболат Әбікенұлы өзара бөліссе, поэзия бағыты бойынша бас жүлдені ақын Ықылас Ожайұлы қанжығасына байлады. Ал мақала жазушылар арасында бәйгенің бас жүлдесін ғалым Берекет Кәрібаев мырза иеленді.

083A4628

Шығармалардың сайттағы оқылымы мен пікірлер саны, сондай-ақ, әділ-қазылардың талқысымен мына шығармалар жүлдеге лайық деп табылды:

Проза:

Арнайы жүлде:

Әлібек ЫдырысНұрлан СәдірҚастер Сарқытқан

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Сағадат ОрдашеваҚуанәлі АлмасбекТөкен Әлжантегі

Екінші орын – 100 мың теңге:

Айгүл Кемелбаева, Ербол Бейілхан

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Есболат Айдабосын

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Мұрат АлмасбекұлыЕрболат Әбікенұлы

083A4860

Поэзия:

Арнайы жүлде:

Омар ҚұрмашМарғұлан АқанЖанат Боқаш

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ретбек МағазСерік МолдабековАлтыншапақ Хаутай

Екінші орын – 100 мың теңге:

Ақтай ӘскерханұлыҰларбек Дәлейұлы

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Төлеген Меллат

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Ықылас Ожай

083A4651

Мақала:

Арнайы жүлде:

Еркебұлан СайрамбайҒабдол ӘуезовАйтиков Әлбек

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ерболат Қошқарбаев(желілес мақалалар), Бейсенбай Бекжан Кәленұлы(желілес мақалалар),Айткүл Шайымқұлқызы Махаева,

Екінші орын –100 мың теңге:

Есенгүл КәпқызыМұсатаев Сейілбек

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Нәбижан Мұхаметханұлы

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Берекет Кәрібаев

083A4641

Бәйге қатысқан шығармаларға ақын, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдеш, ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Сағатбек Медеубекұлы, ҚазҰУ Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Арман Жұмаділов, ақын, ҚазҰУ Журналистика факультетінің ұстазы Мұрат Шаймаран мырзалар әділ қазылық етті.

Бәйгеге қатысқан барлық жүлделі шығармалардың авторларына жүлде қоры 3,5 миллион теңге ақшалай және заттай сыйлықтар мен "Қамшы" порталының символы - "Қамшы" табысталды. Ал, жалпы шараға 6 миллион теңге қаражат жұмсалды. Аталмыш қаржы демеушілердің ықлас-пейілімен "Қазақ хандығының 550 жылдығы" шарасына жиналған-ды.

083A4645

Сондай-ақ, Тәуелсіз "Қамшы-ақпарат" қоғамдық қоры "Қамшы" порталы халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп, ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан бір топ азаматтарды "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапаттады. Аталмыш марапатқа заңгер Абзал Құспан, Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, саясаттанушы Айдос Сарым, меценат Бауыржан Оспанов, ОҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы Берік Уәли, саясаттанушы Расул Жұмалы, кәсіпкер Мұхтар Тайжан, саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, саясаткер Әміржан Қосанов, мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилиянов, "Жұлдыздар отбасы", "Аңыз адам" журналдарының Бас редакторы Жарылқап Қалыбай, "Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, әнші, "Музарт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев, журналист, 31 арна жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Болат Мүрсәлім, журналист Қасым Аманжол, боксшы Қанат Ислам т.б. азаматтар болды.

083A4764

083A4661

"Қамшы" порталы ұйымдастырған мерекелік кешке Қазақстанның облыстарынан өзге АҚШ, Моңғолия және ҚХР-дан қандастарымыз келіп қатысты.

Мерекелік кештің құрметті қонақтарының қатарында мұхиттың арғы жағынан қазақтың абыройын асқақтатып жүрген, қазақтың Қанаты - Қанат Ислам бауырымыз арнайы келіп қатысты.

"Алаш ұлы" бас болып тізгінін ұстаған мерекелік концертте Рамазан Стамғазиев, Қоңыр тобы, Өмірқұл Айниязов, Жанболат пен Жазира, Тұран этно-фальклорлық ансамблі, Сәулежан Тағзия, Асхат Тарғынов т.б. қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады.

083A4684

Қанат Ислам, боксшы:

- Құметті бауырлар, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Біздің қазақ дейтін ата-баларымыздан сөз артылмаған екен ғой. Сол ата-бабаларымыздың әр салада айтып кеткен сөздерін тура шайнап, тура жұтып, кеңірдегімізден өткізе алсақ, бізге басқа біреудің білімінің керегі болмас еді. Біз қазір ас ішіп, аяғымыздан жататын уақыт емес, қазір өзіміздің қазақ үшін қызмет ететін уақыт деген еді, бір бауырым. Сол айтқандай, әркім әр салада өз ұлты үшін, қазақ ұлты үшін аянбай еңебек етсе, біз жеңетініміз сөзсіз. Қазақ хандығының 550 жылдығын емес, 3000 жылдығын тойлайтын күн тусын ағайын.

083A4815

Есенгүл Кәпқызы, журналист:

- Кеше www.qamshy.kz сайтының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген шығармашылық байқауының қорытындысы болып өтті. "Қамшы" сайты өте игі іске мұрындық болып, нағыз мемлекетшілдіктің биік үлгісін танытты. Қазақ ұлт ретінде ұйыса алмаған, ауылдағылар рулық санадан аса алмаған деген ұшқары пікірлерге осы шара жауап бере алатын шығар деп ойлаймын.

083A4868 083A4788 083A4764 083A4732 083A4720 083A4713

Айта кетерлік тағы бір жайт, аталған мерекелік шарада "Қамшы" порталының гимні орындалып, тұсауы кесілді.

https://www.youtube.com/watch?v=zNuxw1Ie124

"Қамшы" ұжымы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір