• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:39:15
Алматы
+35°

31 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Пхенчханда «Олимпиадаға қош келдіңіздер!» атты ресми шара өтеді

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласы 1-ші ақпан күні олимпиадашыларға «Олимпиадаға қош келдіңіздер!» атты ресми шара өткізеді

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласы 1-ші ақпан күні олимпиадашыларға «Олимпиадаға қош келдіңіздер!» атты ресми шара өткізеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы аталған елдің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеді.  «Олимпиада қалашығына қош келдіңіздер! атты арнайы іс шара 1 ақпан, яғни бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де басталады», - деп жазады Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті.

Ал қазақстандық спортшылардың алғашқы легі 1 ақпанда Пхенчханға барып орналаса бастайды. Ал соңы 7-ші ақпанға дейін жетіп болуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар спорттың тоғыз түрінен сынға түсетін болады. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір