• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:29:38
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Әлем

Путин Трамппен телефон арқылы сөйлеседі

Ресей Түркия, Иран, Ирак, АҚШ, Мысыр, Сауд Арабиясы және Иордания елдерімен бірлесіп белсенді жұмыстар атқаруда.

Бүгін Ресей президенті Путин мен АҚШ басшысы Трамп телефон арқылы сөйлеседі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Путин Ресей Қарулы күштерінің бас штабы мен Қорғаныс министрлігінің басқарушы құрамына әскери құрылымдағы мәселелерді талқылау мақсатында Сочиге барған Сирия президенті Башар Асадты таныстырды.

Келіссөздер барысында Ресей мен Сирия президенттері террористерді тізе бүктіргеннен кейінгі Сириядағы саяси жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.

Бұл тұрғыда Ресей Түркия, Иран, Ирак, АҚШ, Мысыр, Сауд Арабиясы және Иордания елдерімен бірлесіп белсенді жұмыстар атқаруда.

Путин серіктестерімен жиі байланыста екенін айта кетіп, АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді. Ондағы талқыланатын мәселе – Сириядағы жағдайды реттеу, қалпына келтіру.

Еске сала кетейік, Путин мен Асадтың келіссөздері 20 қарашада Сочи қаласында өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір