• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:26:09
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 Әлем

Пентагон басшысы Ресей мен Қытайды «ревизионистік державалар» деп атады

«АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің назарын аударып отырған басты мәселе – державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы»

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Ресей мен Қытайды «ревизионистік державалар» деп атады. Бұл туралы ол 19 қаңтарда Пентагонның ұлттық қорғаныс стратегиясын жариялау барысында айтты.

«Біз террористерге қарсы науқанды жалғастырамыз, бірақ АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің назарын аударып отырған басты мәселе – державалар арасындағы бәсекелестіктің артуы», - деді Джеймс Мэтти.

Сондай-ақ Мэттис Қытай мен Ресейді «өздерінің авторитарлық модельдеріне сәйкес әлем құруды» көздеп отырған «ревизионистік державалар» деп атады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір