• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:29:58
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Түрікменстанның Дашоғыз қаласындағы мектептерде, тағы бірқатар аудан орталықтарында дәрігерлер мен полицейлер оқушылардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, қыздарды гинекологиялық тексеруге жіберген, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге ала отырып. 

Мұндай тексеріске облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасары тапсырма берген, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

«Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін олар порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды», — деді Дашоғыз облысы, Гурбансолтан ауданындағы орта мектеп оқушысы.

Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларымен ата-аналармен бірге әңгімелескен.

«Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерген. Пәктігі табылмаған қыздардың шешелерін шақыртып, бүкіл мектепке масқаралаған. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды», — дейді дереккөз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір