• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:44:37
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Аймақтар

Отырар ауданында қос бірдей шағын арнаулы әлеуметтік бөлме іске қосылды

Отырар ауданындағы Балтакөл, Маяқұм елдімекендерінде шағын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды

Отырар ауданындағы Балтакөл, Маяқұм елдімекендерінде  шағын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012–2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үш кезеңін негізге ала отырып, әр жыл сайын тиісінше жүзеге асырылып келе жатқан игілікті шара биылғы жылы аталған елдімекендерде де қолға алынған болатын.

Арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту, мүгедектігі бар балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйретуді мақсат еткен арнайы бөлмелердің салтанатты  ашылуына қатысқан Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы тұрғындар мен балаларды қуаныштарымен құттықтап, лентасын қиды. 

"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бастамасымен елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасау басты назарға алынып отыр. 

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында Үйде әлеуметтік көмек көрсету мекемесі жанынан әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының желісін дамыту мақсатында сыйымдылығы шағын әлеуметтік күндізгі қатынау бөлмесі ашылып, қызмет көрсетуде.
Бүгінде аудан бойынша Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 89 мүмкіндігі шектеулі балалар күтімге алынды"-деген аудан басшысы бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табыс етті.

Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, кәсіпкерлердің демеушілігімен жабдықталған әлеуметтік бөлмеде медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени көмектер көрсетіледі.

Бастамаға ауыл тұрғындары мен ата-аналар да алғыстарын білдірді. Бала күтімімен жұмысқа шыға алмай, алаңдаған аналар балалары үшін жағдай жасап, қолдау көрсеткен аудан басшылығына ризашылықтары шексіз екендігін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір