• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:56:54
Алматы
+35°

Полиция Зеленоградтағы зейнеткер оқушы немересін суицидке дейін жеткізді деген ақпаратты тексеріп жатыр.

Г.Е. Сухарев атындағы балалар мен жеткіншектерге арналған психикалық саулығы ғылыми-тәжірибелік орталығында әлденеге алаңдап отырған әйел отыр. Оның есімі Натали. Ол 17 жастағы баласы Федордың жағдайын білу үшін дәрігерді күтіп жүр. Соңғы жылдары Наталидың басынан түрлі жағдай өтті. Оның баласы дәрі ішіп өзіне қол жұмсамақ болған. Қыздардың бірі стресстен енді ғана айығып келеді. Натали болған жағдайға енесі Маргарита Бобкованы айыптады.

Соңғы кездері Фёдор әжесімен бірге тұрды. Отбасылық жиналыста солай шешілген. Түстен кейін Натали енесіне қоңырау шалды. Енесі үйге дереу келіп, Федорды алып кетуді талап еткен болатын.  Бірақ уақыт өте келе тынышталды. Телефон шалмайтын болды. Натали еш уайымдамастан екі қызымен Зеленоградтағы жалдап тұратын бір бөлмелі үйіне барды. Онда да оны жағымсыз жаңалық күтіп тұрған еді. 14 жастағы үлкен қызы София әлеуметтік желіде біреу тыныштық бермейтінін айтады. Бұл жағдайды талқылап үлгерместен Федор қоңырау шалды. Натали жаман жағдай болғанын сезді. Федордың даусынан әлденеге алаңдап тұрғанын байқауға болады. Ол әрең сөйлеп тұрған.  

— «Федя әжесі қайтыс болған әкесінің хаттарын оқып, оны сөкті. Мен туралы жаман сөздер айтты. Енді маған өмір сүрудің қажеті жоқ». Ол әжесінің дәрілерін ішіп алғанын айтты, - деп көзіне жас алды Натали.

Натали енесінің үйіне құстай ұшып жетті. Енесі жедел жәрдем шақырып, олар Федорды ауруханаға алып кеткен екен. Оның жағдайы ауыр болды. Анасы оның артынан ауруханаға кетті.

— Күні бойы енем хабарласып, полицияға барсаң жұмыстан қуыласың деп қорқытты, - дейді Натали.

Дәрігерлер Федорды аман алып қалды. Жақында оны балаларға арналған психологиялық сауықтыру орталығына жеткізді.

Наталидің болжамынша, әлеуметтік желіде Софьяның соңына түскен адам енесі деп күдіктенеді. Ол заңгерлерден кеңес алып, енесінің үстінен арыз жазды. Натали полицейлерге аудио жазбалар мен хабарламаларды суретке түсіріп тергеушілерге тапсырды. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

Өткен өмір қайтып оралды

Натали болашақ жарымен 17 жыл бұрын танысты. Зеленоградтық музыкант Алексей екеуі бір көргеннен бір-біріне ғашық болды.  Көр ұзамай Натали жүкті болды. Алексейдің анасы Маргарита Бобковаға Натали ұнамады.

— Анасы балам Алексейден емес екеніне сенімді еді, - дейді Натали.

Федор дүниеге келгенде әкесі мен әжесі көпке дейін күдіктенді, бірақ уақыт өте келе оны өз қаны екенін мойындады. Натали Алексейдің есірткі қабылдайтынын байқады.  Біраз уақыттан кейін ол есірткі мөлшерін тым көп пайдаланғандықтан көз жұмды.

Натали тұрмысқа шығып, жаңа күйеуімен шетелге кетіп қалды. Тағы екі қыз босанды. Елге қайта оралғанда ол үш баламен жалғыз қалды. Үй де, жұмыста болмады. Натали Федорды әжесімен қалдырғанына өкінеді.

— Ол баламды маған және қарындастарына қарсы қойды. Оған үнемі тіл тигізіп, менің материалдық жағдайымның өте төмен екенін айтып, менімен тек кедейшілікті өмір сүретінін айтатын, - дейді Натали.

Әжесі Федорға өлген әкесінің хаттарын оқытып отырған. Бірақ неткен хаттар, онда не жазылғаны белгісіз. Әжесі де Федор да ол хаттар туралы ләм-мим деп тіс жармайды. Наталидың ойынша, әжесі баласының атынан хатты өзі жазып, Федорға оқытып отырған.

Егер Федор әжесінің кесірінен өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталса, қылмыстық іс қозғалады. Әзірше полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер әжесінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір