• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:12:15
Алматы
+35°

11 Тамыз, 2015 Аймақтар

Отанды сүю отбасынан басталатындығы заңды құбылыс.

Ал отбасы тәрбиесінде иман байлығы, отан мен «қара шаңырақ» мәртебесінің киелігін жоғары қою басты қағида болса, ұлттығымыз мәңгі таныла беретіндігі сөзсіз.

Сондықтан да, елім деп елеңдеген қоғамның әрбір мүшесі үшін халқымыздың ұлттық үрдіс, салт-сана дәстүрі шынайы үлгі боп табылуы тиіс.

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасымен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында облыстың барлық аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша жергілікті халықпен көп балалы аналар, жас отбасылар, әйелдер ұйымдарымен «Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі» тақырып  бойынша кездесулер өткізуде.

Әрбір жанұя тәуелсіз еліміздің құрамдас бөлігі, бір тетігі болғандықтан, отбасы мәселелері  мемлекетіміздің назарында. Оның айғағы осы жылы Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» ұлттық  реформасы.

Ұлт жоспардың Төртінші рефомасы-біртектілік пен бірлік. Бұл ретте Елбасы қазақстандық қоғамның көптүрлілігі-біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз екенін жеткізеді. Бұның аясында еліміздегі барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Осындай бірлік пен берекені қамтамасыз ету арқылы  Мәңгілік Ел идеясы толық жүзеге аса түседі. Мұнда, әсіресе өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен патриотизмге баулу қағидаттарына ерекше мән берілген.

Бұл бағытта, Үлкен мемлекет-үлкен отбасы» атты жобасын іске қосу арқылы ел тарихы мен ұлттық ұлағаттарды насихаттайтын кинофильмдер мен телебағдарламаларды көптеп жарыққа шығару міндеті тұр. «Мәңгілік ел» идеясы балаларға жастайынан бастап таныстырылды.

Біздің өз құндылықтарымыз бар. Адалдық, жанұяның бірлігі елге қызмет ету, отанды сүю деген мәселелерде шығармашылық адамдарға байқау жарияланады. Өйткені, ата салтын сыйлау, жүрекке иман ұялату, салт-дәстүрлерді жалғастыру арқылы біз елімізді мәңгілік сақтай аламыз.

Осы жоспарды іске асыру бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі  мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесіп жұртшылыққа құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында Меморандум түзіп, «Парасыз мемлекет құру отбасы тәрбиесінен басталады» айдарымен жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар қоғамдық дамуда астамдық пен нұқсандыққа бармай, ата-бабамыз белгілеп берген адами-имандылық жолынан  тайынбауды насихаттап, адамзаттың дүниетанымдық пайымының қалыптасуында отбасының рөлі, қазақ халқының тұрмыс тіршілігіндегі  елге, жерге құрмет көрсету  дәстүрлерінің маңызы, ұлттық тәрбиеде дін мен ділдің алар орнына жекелей тоқтала отырып, отбасының әрбір адам тағдыры үшін маңызды екендігін  ғылыми  дәйектермен дәлелдеуде.

 

Төле би ауданы «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Маманова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір