• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:49:27
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Аймақтар

Өскемендік молда желіні шулатқан суретке қатысты түсініктеме берді

«Әлеуметтік желіні кезіп жүрген фотосурет – адамның ойында жоқ нәрсені айтып ғайбаттап, қоғамның теріс бағыттағы пікірін туғызбақшы болғандардың ісі».

Өскемендік молда желіні шулатқан суретке қатысты түсініктеме берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Голливуд жұлдыздарының Өскемендегі «Халифа Алтай» мешітінде түскен суреті желіде қатты талқыланып жатыр. Әсіресе, дін өкілінің актриса Бай Линға «біртүрлі» қарап қалған сәтін көз зинасына балап, сан-саққа жүгірткендер көп.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі мән-жайды білу үшін суреттегі молданың өзімен тілдесті. Ол Өскемендегі «Мұхаммади» мешіті имамының орынбасары Дубек Құсайынов болып шықты. Молданың айтуынша, бұл жерде арандатушылықтан басқа дәнеңе жоқ.

- Бұл сенсацияға ұласады деп ойламаппын. Үш ұйықтасам да, түсіме кірмейтін жағдай. Негізі бұл фотода қаланың имамдары сапта тізіліп тұр. Менің фотомды арнайы қиып алып, «көз зинасы» деп жала жауып, күпірлікке салынған негізсіз, жалған ақпарат қана бұл. Ешкімнен жасырынып қараған жоқпын, бұл жерде ашықтық бар, - деген Дубек Құсайынов желі қолданушыларының әрекетін өзі де қатаң сынады.

Молда халықты адамгершіліктен аттамай, мәдениетті болуға шақырды. «Әлеуметтік желіні кезіп жүрген фотосурет – адамның ойында жоқ нәрсені айтып ғайбаттап, арандатып, қоғамның теріс бағыттағы пікірін туғызбақшы болғандардың ісі, - деп ашынды.

- Басшылық бізді актерлар келді деп мешітке шақыртқан соң ақ шапанымызды киіп бардық. Ұлттық нақыштағы шапанмен тұрғандықтан, шетелдіктер қызыққан болуы керек, өздері суретке түсуге ниет білдірді. Біз келісе кеттік. Сонда ана актрисаға көзімнің қиығымен қарап қалған сәтім түсіп қалыпты. Мен қызға емес, оның ерекше киім үлгісіне немесе көзілдірігіне қараған болуым керек. Дәл осылай өршіп кетеді деп ойламаппын. Ол әйел мешітке ашық-шашық киініп келген жоқ, тіпті, онымен тілдесу де ойымда болған жоқ. Біз дін өкілі болғандықтан, халық бізге қарап имандылықты таниды. Ал адамдарды теріс тәрбиелеу біздің ойымызда да жоқ, - деді Дубек Құсайынов.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір