• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:21:26
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Аймақтар

Өскеменде семсерлесуден ашық республикалық турнир өтуде

Үш күнге созылатын бәсеке барысында қатысушылар қарудың екі түрі (семсер және қылыш) бойынша сынға түседі

Өскеменде семсерлесуден Ер Жәнібекті еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтуде. Аталмыш сынға 2000-шы жылға дейінгі жасөспірімдер қатысуда.

Жарыстың тұсаукесер рәсіміне қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов жас семсерлесушілерді турнирдің ашылуымен құттықтай келе, дода Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орайластырылғанын да жеткізді.
Республикалық деңгейдегі жарысқа шығысқазақстандық спортшылардан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінен, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан келген жалпы саны 200-ге жуық семсерлесуші қатысып, өз мүмкіндіктерін байқап көруде.

Үш күнге созылатын бәсеке барысында қатысушылар қарудың екі түрі (семсер және қылыш) бойынша сынға түседі. Айта кету керек, бұл додада жүлдегер атанғандар ұпай жинап, рейтингтік жағдайларын біршама жақсарта алады. Одан бөлек жарыста үздік шыққандар келесі маусымнан бастап ел құрамасы сапына алынбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір