• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:02:11
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Оралда ер адам енесін атып өлтіріп, қайынатасын ауыр жарақаттаған

Орал қаласының Құрылысшы шағын ауданында сағат 20:00 шамасында атыс болып, бір адам қаза тапты

Орал қаласының Құрылысшы шағын ауданында сағат 20:00 шамасында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, оқиға Құрылысшы ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, қанды оқиға №4 подъездің 8 қабатында болған.

Орал

«Пәтерде күйеубаласы өзінің қайынатасы мен енесіне оқ атқан. Қайынатасын ауруханаға алып кетті, ал енесі көз жұмды. Мен «көмектесіңдер» деп айқалаған дауысты естдім, дәл сол уақытта дүкенге бара жатқан едім. Сол жерде отырған әжелерге әйелге көмектесу үшін жастарды шақыруын өтіндім», - дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Мария Амелякина.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер 60 жастағы әйел жедел жәрдем қызметі келгенше оқ тиіп көз жұмғанын айтты.

«66 жастағы ер адамға оқ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Айта кетейік, аталмыш оқиғаға байланысты прокуратурадан да, полиция бөлімшесінен де қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады.

Орал

БҚО Прокурорының орынбасары Александр Цуранков оқиға орнында болып, алайда қанды қылмыс жайында пікір беруден бас тартты.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқ тиіп жарақаттанған қайынатасына алты сағат ота жасалған.

«1951 жылы туылған ер адамның ішіне оқ тиіп, ішкі ағзаларына зақым келген», - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір