• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:07:48
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО Шардара ауданында жұмыссыздық төмендеп келеді

2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына дейін 2794 адамды қатыстыру жоспарланған

Шардара ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыздықты жоюда оң нәтиже беруде. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында өткен жылы 2952 адам қатыстырылды. Оның ішінде 984 жұмыссыз болса, 1234-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 734 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы табысы аз азаматтар.

Ал 2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына дейін 2794 адамды қатыстыру жоспарланған.

Сонымен бірге ауданда «Өрлеу» жобасы да сәтті іске асырылып келеді. Былтырғы жылы осынау жоба аясында 4275 азаматқа немесе 687 отбасыға 217 млн. теңге көлемінде қаржы төленді. Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 1450 отбасымен әңгімелесу жүргізіліп, оның ішінде 38 отбасыға 4 457,0 мың теңгеге шартсыз ақшалай көмек, 226 отбасыға 43,3 млн. теңге шартты ақшалай көмек, барлығы 264 отбасыға 47,8 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір