• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:09:46
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО: Онлайн дәрісте адамгершілік пен жауапкершілік жайы сөз болды

Жиында жастар тәрбиесі, әсіресе қылықты қыз­дары­мыздың, мінезді ұлдарымыздың бойындағы қалыптасқан қасиетті мінез-құлық мәселесі де әңгіме өзегіне айналды

Шымкент қаласында  кезекті рет өткізіліп жатқан  «Өнегелі бір сағат»  іс-шараcында облыстық дін істер басқармасының маманы Медет  Халықов жастар тәрбиесінде ұлттық бірегейлікті сақтау және құндылықтарды насихаттау, ата-анамен бала қарым-қатынасын нығайтуға қатысты  оқушыларға  дәріс оқыды.

-Бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда, адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастарымыз жалпы адамзаттық мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтардың да бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз тұлға толыққанды қалыптаса алмайды. Жеке адамның, оның санасы мен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Ай­талық, оның ата-анасы, өмір сүріп отырған ортасы. Адам ба­ласы күн сайын бір нәрсеге көңіл бө­ліп, ой түйеді, өмір бойы оқиды. Алайда, адам баласының тұлғалық сипаты жас кезінен бастап қалыптасады. Жас сәби табиғатынан таза, пәк. Бұл - адамның өмірден әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Әлемді енді-енді тани бастайды. Міне, дәл осы кезеңде ата-ананың, содан кейін білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің балабақшадан бастап, олар­дың бойына бірте-бірте рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, жақсылық пен жамандықтың аражігін ажыратуға үйрету - маңызды іс-дейді, Медет  Халықов.

Маманның пікірінше, отбасында ата-ана ұл-қыздарының елдің ертеңіне айналатынын, ұлттың болашағын айқындайтындығын есіне салып отырса, олардың бойында  қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі арта тү­седі. Адамдар неғұрлым адам­гершілік туын биік ұстаса, рухани кемелденіп, бір-біріне деген жақындығын, бауырмалдығын тереңдетеді.

Жиында  жастар тәрбиесі, әсіресе қылықты қыз­дары­мыздың, мінезді ұлдарымыздың  бойындағы қалыптасқан қасиетті мінез-құлық мәселесі де әңгіме өзегіне айналды. Осынау мінез-құлықтың  астарында ұлт болып ұйысудың, елін сүйген, жерін сүйген патриотизм тұлғаның қалыптасып келе жатқаны  ашық айтылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір