• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:28:07
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

ОҚО-да «зорланған» баланың әжесі қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

«ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының 7 жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілікті.

Бүгін зорлықтың құрбаны болды деген 7 жастағы баланың әжесі қазақстандықтарға видео үндеу жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Балаға жәрдем берейін деп облыс әкімі, Бәлиева апайлар бізге кеше жақсы құрмет көрсетіп, қарсы алды. Бауыржан Азанға, Құрманғазы Артыққа рақметімді айтамын. Осы уақытқа дейін бізге қамқорлық жасап, сүйеп келді. Баланы Бәлиева және әкімдер Астанаға емдетуге алып кеттеді. Сіздер ренжімеңіздер. Барлық адамға тек тыныштық тілеймін. Бәрі жақсы болады», - деді әжесі.

Айта кетейік,  «ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурыз күні Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған. Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен жиырма шақты полицей күштеп алып кеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір