• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:18:03
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да Өзбекстан Республикасының мәдени күндері басталды

ОҚО-да Өзбекстан Республикасының мәдени күндері басталды

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-14 мамыр күндері аралығында  Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік іссапары бастау алды. Аталған жыл аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын сахналады.

ОҚО

Қос елдің мәдени байланысын нығайтуға арналған шараның ашылу салтанатына  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы қатысып, облыс басшысы Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының  арнайы  құттықтауын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді.

Осы орайда, Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Масудов Фатхулла Хусанұлы да көрші елдер арасындағы байланыс пен мәдени қарым-қатынастың беріктігін сөз етті.

ОҚО

Шараға өңіріміздегі мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясы 12 мамыр күні сағат 16:00-де  Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде жалғасып,  13 мамыр күні сағат 16:00-де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында гастрольдің салтанатты жабылуымен қорытындыланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір