• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:53:54
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да орман, дала өрттерін сөндіруге қатысты оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысында орман, дала өрттерін сөндіруге қатысты тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысында орман, дала өрттерін сөндіруге қатысты тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастырған шараға өңірлік төтенше жағдай қызметі мен қоршаған ортаны қорғау мекемесінің өкілдері қатысты.

Алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша Ордабасы ауданында тұтанған өртті сөндіруге арналған жедел әрекет жасалды. Атап айтқанда, төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы арнайы көліктерімен шарпыған жалын ортасына жетіп, оны ауыздықтауға кірісті. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндіріліп, орман алқабы тілсіз жаудан аман қалды.

Оқу жаттығу жиынына қоршаған ортаны қорғау мекемелерінен 110 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, шарада 6 өрт сөндіру көлігі, 12 трактор және басқа да техникалар пайдаланылды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне 3 131,9 мың га мемлекеттік орман қоры бар. Осы аумақты қорғауға деп 2018 жылға 31 712,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржы 500 шақырым жаңадан минералды жолақ салу, 7 588 шақырым минералды жолақтарды күтіп-баптау, 210 шақырым өртке қарсы жолды жөндеу және 279 аншлаг пен панноны жаңарту және орнату жоспарланып, тиісті жұмыстар атқаруға жұмсалуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір