• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:27:52
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 Аймақтар

ОҚМПИ университет мәртебесін алуға әзірлік жасап жатыр

Педагогикалық институт оңтүстік өңіріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны

Биыл негізі қаланғанына 80 жыл толып отырған Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институты аталған мерейтой қарсаңында университет мәртебесін алуға әзірлік жасап жатыр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай институтта ашық сабақтар, жас дизаинерлер мен суретшілердің көрмесі, қоғамның көрнекті өкілдері, ақын-жазушылармен кездесулер және флешмобтар ұйымдастырылып жатыр. 

Айта кетсек, 1937 жылы Оңтүстіктегі бірінші ашылған екі жылдық мұғалімдер институты  1954 жылы Шымкент педагогикалық институты болып қайта құрылды. 1993 жылы Шымкент педагогикалық институты ҚР үкіметінің қаулысымен Түркістан қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамына кірді. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды. Педагогикалық институт оңтүстік өңіріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір