• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:06:31
Алматы
+35°

26 Тамыз, 2016 Шаруашылық

Оңтүстік Қазақстан облысында дихандар озық технологияларды қолданды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га алқапқа жетті. Биыл облыс...

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га алқапқа жетті. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.  

Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.  

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша өнімі, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім  жинауды көздеп отыр. Бүгінге күнге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруалар әзірге жоспарлаған 3 484,4 мың тоннаның 3747 мың тоннасын (108%) дайындап үлгерген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір