• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:33:25
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 NEWS

Өлім аузында жатқан адамдардың ойлары...

Өлім аузында жатқан адамдар түрлі нәрсе туралы ойлайды. Олардың соңғы өтініштері де әр түрлі болады

Ройал Сток Университеті ауруханасында жұмыс істейтін медбикелер жазылмайтын дертке шалдыққандарға күтім жасап, қарайласады. Медбикелер ажал аузындағы емделушілерінің не туралы ойлайтындарын айтып берді. Бұл туралы Вести.ру жазады.

Зерттеулерге қарағанда, ажал аузындағы адамдардың көпшілігі  өлімді өздерінің туыстарына қарағанда   позитивті қабылдайды. Ал, медбикелер әңгімесі  осы тәжірибені дәлелдей түседі.

Қызметшілердің айтуларына қарағанда, олар енді өлімнен қатты қорықпайды.

Өлім аузында жатқан адамдар түрлі нәрсе туралы ойлайды.

Кейбіреулер отбасындағы жақын адамның келуін сұрайды, кейбірі мысық/итін әкелуін сұрайды. Ал енді біреулер бір шынаяқ шәй немесе алкогольді сусын ішуді қалайды екен.

Адамдардың көпшілігі қатты алаңдаушылық сезімде болады, осы сезімді тежеу үшін отбасымен сөйлеседі немесе дұғада болады.

Медбикелердің бірі, ауруханаға жазылмайтын дертке шалдыққан ерлі-зайыптылар келгенін айтады. Олар өздері жатқан 2 төсекті бір-біріне жақындатуды сұрап, қол ұстасып жатқылары келетінін айтқан. Әйелі мен күйеуі өздерінің сүйікті әндерін айтып, қол ұстасып жатқан. Арада 10 күн өткен соң екеуі де көз жұмған.

«Өлім аузында жатқандардың қандай да бір өкініші бола ма?» деген сұраққа медбикелердің бірі:

«Бір ер адам өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін айтып, айналасындағыларды өздерін бақытты ететін нәрселерді жасауға шақырған. Ал кейбір адамдар өте көп жұмыс істегендері үшін,  жұмысбасты болып жүріп өз қалауындағы заттарды жасамағандарына, денсаулықтарын құртқандарына өкінетіндерін жеткізді».

Аурухана қызметкерлері аадамдарды өлімнен қорықпауға шақырады. Олардың айтуынша, емделушілердің көпшілігі ажал аузында жатып керемет жарықты көрген, кейбірі өздерінің әлдеқашан өмірден озған жақындарымен сөйлескен. Бұл-әр адамның өлімі дара болатынын білдіреді.

Өлім көпшілік ойлағандай қатты қорқынышты нәрсе емес дейді қызметкерлер. Өмірінің санаулы сағаттары қалған адам қатты азапсыз, ауырмай жан тапсырса, жақындарымен сөйлесіп жаны тыныштық табады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір