• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:50:16
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Оқиғалар

«Олар менің елімді бомбалады, сол үшін өш алмақ болдым» (видео)

Нью-Йорк орталығындағы жарылысты ұйымдастырған күдікті жарылғыш құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған

Нью-Йорк орталығындағы жарылысты ұйымдастырған күдікті жарылғыш құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

«Полиция мәліметінше, бұрынғы такси жүргізушісі құрылғыны жасау үшін шырша гирляндасын пайдаланған», — деп хабарлады шетелдік БАҚ. 

Еске сала кететін болсақ, дүйсенбі күні Манхэттеннің шығысында жер асты өткелінде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 27 жастағы Акайед Улланың денесіне қолдан жасалған, сапасы төмен жарылғыш құрылғы байланған еді. Ал өрт сөндіру қызметінің мәліметі сүйенсек, күдікті күйік жарақаттарын алған және сол маңда болған тағы үш адам жеңіл-желпі зардап шегіпті. 

Улла 2011 жылы 21 ақпанда иммиграциялық виза бойынша АҚШ-қа келген және елде тұруға заңды ықтияр хаты бар. 

New York Post мәліметіне сүйенсек, Улла бұл қадамға кек алу мақсатында барған.

«Олар менің елімді бомбалады, сол үшін мен осында өшімді алмақ болдым», — дейді ұсталған азамат. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір