• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:36:08
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Әлеумет

Кавказда  қалыңдықты алып қашу дәстүрі бар. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл дәстүр  екі ғашық бір-бірімен келісе отырып немесе туысқандарымен келісе отырып жүргізіледі. Алайда, көп жағдайда қалыңдық өз еркінен тыс ұрланады. Ата-анасының, қалыңдықтың  келісімінсіз  алып қашу кезінде күйеу жігіт мүлде таныс емес адам болуы да ықтимал. Қызды алып қашқан соң, ата-анасы оны күйеуінің үйінде қалдыруға көндіреді, себебі олар халық арасында таралатын өсектен ұялады. Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  "ұрланған" қалыңдықтардың оқиғаларын Лента.ру-ға сілтеме беріп ұсынады.

Мзия

ж

«Мен 15 –те болатынмын. Қазір 21-демін. Күйеуім мені Таулы Бако деген жерден көріп қалған. Сол кезде менімен бірінші рет сөйлесті. Содан кейін ұрлап кетті. Көлігіне отырғызып алып кете барды. Олар бес адам болды, менің шамам келген жоқ. Өте ерте тұрмысқа шыққым келген жоқ. Алайда, ер адам күштірек қой.. Қазір 2 баламыз бар»

Дали

ж

«Мені 14 жасымда алып қашты. Болашақ күйеуімді танымайтынмын. Мені бір рет жергілікті мейрамханалардың бірінде көріп қалған. Содан кейін алып қашты. Қарсылық көрсеттім, соққы алдым.. Келістім, себебі жас едім. Мені тауға алып кетті. Тойымыз болған жоқ.

Қазір екі баламыз бар: қыз бен ұл. Қазір 26-дамын. Мен бұны романтикалық жақсы дәстүр деп санамаймын»-дейді.

Лали

с

«Қазір 21-демін. 18 жасымда мені алып қашты.  Мен оны мүлдем танымайтынмын. Қарсылық көрсеттім, алайда ол туыстарыма хабарласып, келісті. Той болған жоқ. Қазір отбасын тұрғанымызға 3 жыл болды, ешқандай өкпем жоқ.

Теона

ю

«Көрші ауылда жүргенде бір-бірімізді көріп қалдық. Ол менің қасыма келіп: Жүр, менімен бірге барасың! Бірге тұрамыз, бірге өмір сүреміз!-деді. Мен келістім. Алып қашқан кезде мен 15 жаста едім. Бірге болғанымызға 10 жыл болды. Үш баламыз бар».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір