• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:06:56
Алматы
+35°

19 Қараша, 2017 NEWS

Ол өз-өзін өлтіргісі келетіндерге көмектесем деп уәде еткен...

Суицид жасамақшы болғандарға көмектесем деген. Үйіне шақырып, бастарын шапқан...

Ағымдағы жылдың қазан айында жапон билігі 27 жастағы Такахиро Шираиши есімді жігітті қамауға алған. Жалғызбасты жігіт пәтерінде адам мәйіттері табылған. Белгілі болғандай, оның құрбандары әлеуметтік желі арқылы өлгісі келетінін айтып арызданған. Ал Шираиши болса, оларға көмекке келген.

Жалғызбасты момын жігіттің  қанды қылмысы Жапонияны дүр сілкіндіргені туралы Лента.ру жазады.

Жапония қылмыс деңгейінің төмендігімен танымал. Сондықтан бірден сегіз қыз бен бір жігіттің жоғалып кетуі жапон халқының үрейін туғызды. Бастапқыда жергілікті полиция бірнеше адамның жоғалуы бір-бірімен байланысты екенін білген жоқ. Токионың 23 жастағы тұрғынының Твиттердегі жазбасына көздері түскенде ғана, полиция мәселенің ақ- қарасын ажырата бастады. Марқұм қыз жоғалар алдында Твиттерде: «бірге өлу үшін адам іздеймін» деп жазған екен.

Жоғалған қыздың ағасы полицияға қыздың әлеуметтік желідегі барлық  құпиясөздерін берген. Твиттер желісі арқылы полиция Шираишидің ізіне түскен.  Шираишидің пәтеріне келген полиция бірден мәйіттердің иісін сезген.

"Жоғалған қыз қайда" деген полицияның сұрағына Шираиши «мұнда» деп тоңазытқышты нұсқаған.

Белгілі болғандай, жапондықтың пәтерінде тек бір қыздың емес, тағы сегіз қыз бен бір жігіттің денесі болған. Қылмыскердің көршілері белгісіз себептермен бірнеше ай бойы  оның пәтерінен шыққан сұмдық иіс туралы полицияға арызданбаған.

Үйдің ішінде тоғыз адамның бөлшектелген дене бөліктері мен ара, арқандар табылған. Дене бөлшектері мен адам бастары тоңазытқыз ішінде мұз салынған жәшіктерде болған. Пәтерден барлығы 240 адам денесінің бөлшектері алынған.

Шираишидің айтуы бойынша, ол өзінің әкесіне өмірінің мән мағынасы жоқ екенін айтқан. Алайда, оның әкесі ұлының сөздеріне құлақ аспаған.

Қылмыскер жігіт орта мектепті бітіріп, екі жыл супермаркетте үздік саудагер болып жұмыс істеген. Алайда, арада біраз уақыт өткен соң, секс қызметтерге қыздар таңдаумен айналысып кеткен. Әкесінің үйінен көшіп, өзі жалғыз пәтер жалдап тұрған.  Көп ұзамай ол Твиттерде өзінің депрессивті эмоцияналдық жағдайын басқалармен бөлісу мақсатында аккаунт ашып, өзіне ұқсас жандар іздей бастайды. Жасөспірімдерді суицидтік ойларға итермелеу, өз-өздеріне қол жұмсамақ ниетті жастарға көмек беру мақсатында, өзін осы мәселенің маманы ретінде таныстырып, адамдарды тартқан.

д

«Қиналып жүрген адамдарға көмектескім келеді. Кез келген уақытта жекеге жазыңыздар» деп өзінің профилінде жазып қойған екен. Одан бөлек оқырмандарын «дұрыс арнаға» бұрып, үйде, сыртта, мектепте қорлануға тап болатындықтарын айтып суицидтік посттар жазып отырған.  

   Ол өз оқырмандарын жақындарымен байланыстан үзгісі келген. Ең алғашқы құрбаны болған жас қыз Шираишимен кездесуге жігітімен келген. Олар үшеуі барға барып отырған.  Шираиши қиналып жүрген қызды  өз үйіне жалғыз келуін сұрап, қонаққа шақырған. Қыз үйіне келгенде  оны өлтіріп тастаған. Алайда, оның жоғалып кеткенін білген марқұм қыздың жігіті жақында танысқан "біртүрлі жігіттің" үйіне барады. Шираиши жігітті өлтіріп, денесін бөлшектеп қызының жанына қойып қойған.

Шираишидің құрбандары 26 жастан аспаған жас қыздар, көпшілігі кәмелетке толмаған.

Ресми қағаздардағы деректерге сәйкес, Шираишидің  өз қылмыстарын жасырмақ ниеті болмаған.

Оның жас қыздарды таңдауы бекер емес екен: қылмыскер кейбірін зорлаған. Тіпті, кейбір құрбандарын тонаған да  екен. Тергеу кезінде, қылмыскер өзінің депрессиядан зардап шеккенін айтқан. Әкесінен қолдау таппаған ол, интернет арқылы мүдделес адамдар іздеген.

Шираишиді бала кезден танитын таныстары оны өте момын, ашық адам ретінде сипаттаған. «Қарапайым , онша көзге түспейтін болғандықтан  оны сыныптастары да ұмытып кеткен шығар»- дейді Шираишидің жақын таныстарының бірі. Ал, оның бұрыңғы сүйіктісі Шираишиді «нәзік жігіт» деп атаған.

ж

Бүгінгі күні Жапония дамыған елдердің арасында суицид көрсеткіші бойынша Оңтүстік Корея мен Венгриядан кейінгі үшінші орынды иеленген. Жастар арасында белең алған бұл эпидемия әлеуметтік желі арқылы кең таралған. Ал жапон билігі тиісінше суицид туралы қандай да бір мағлұматтары бар ресурстардың барлығын бұғаттау жұмыстарын жүргізуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір