• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:10:37
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

Oil Construction Company кәсіподағының лидері Әмин Елеусінов түрмеден шықты

57 жастағы Әмин Елеусінов мамырдың 22-сі күні Павлодардағы АП-162/3 түрмесінен босап шықты

Oil Construction Company (ОСС) кәсіпорны кәсіподағының бұрынғы төрағасы 57 жастағы Әмин Елеусінов мамырдың 22-сі күні Павлодардағы АП-162/3 түрмесінен босап шықты. Бұл туралы Азаттыққа қызы Милана Елеусінова хабарлаған.

Мамырдың 4-і күні Павлодар қалалық №2 соты түрме жазасын шартты түрге ауыстырған. Сот өткен күні адвокат Төлеген Шаиков "Елеусіновтің туыстары мемлекет алдындағы шығындарды өтегенін" айтқан.

Әмин Елеусіновті мұнайшылардың Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясын жабуға қарсы аштық акциясы кезінде ұстаған. Кәсіподақтың Маңғыстау облысындағы филиалдарын билік белгілеген мерзімге дейін тіркелмегені үшін жаппақ болған. Ақтауда және Қаламқас пен Жетібай кеніштерінде өткен наразылық акцияларына жүздеген мұнайшы қатысқан.

2017 жылы сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты Әмин Елеусіновті "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді, бағынбады және оларға күш қолданды" деген айыптармен екі жылға соттаған.

Елеусіновпен бірге компания кәсіподағының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев та жазаланған. Нұрбек Құшақбаев "заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатты" деген айыппен екі жарым жылға түрмеге қамалған.

Мамырдың 11-і күні Павлодар қалалық №2 соты Құшақбаевты да түрмеден босату туралы шешім қабылдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір