• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 17:07:59
Алматы
+35°

22 Желтоқсан, 2017 NEWS

Оғыз Доған сотта жеңіске жетті

Осыдан біраз уақыт бұрын Оғыз Доған аталмыш компания қызметкерін қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін сотқа берген болатын

Эйр Астана компаниясының бортсеріктері жаппай қазақ тілін үйренетін болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Оғыз Доған аталмыш компания бортсерігін қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін сотқа берген болатын. Оғыз Доған компанияның кешірім сұрап, 1 теңге көлемінде айыппұл төлеуді сұраған. Эйр Астана өкілі кешірім сұраудан бас тартып, Оғыз Доғанды ұлт араздықты қоздырды деп айыптады. 

Осы істің басы қасында жүрген заңгер Абзал Құспанның пікірін білген едік.

– Мен халықтың наразылығын жеткізіп ұлт араздықты қоздырды дегенді алға тартып Эйр Астананың акционерлеріне ағылшынша хат жазамын.  Айта кетейін, Оғыз Доғанды қолдап келгендердің қарасы көп. Елу, алпыстай адам сотқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Шымкенттен, тіпті сонау Оралдан келгендер бар. Бұл халықтың рухын көтеретін шара болды деп есептеймін. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір