• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:23:21
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 Әдебиет

О, мақтаншақ қазақ, мешітіңді шайтаннан тазала!

Атақты, абыройы шашақты, мойны жуан, қолдары быртиған миллиардер оққағарларымен бірге олливуд актрисасы, порно жұлдыз Бай Линнің бөлмесіне кіріп келді...

Атақты, абыройы шашақты, мойны жуан, қолдары быртиған миллиардер оққағарларымен бірге Голливуд актрисасы, порно жұлдыз Бай Линн жатқан қонақ үйдің люкс бөлмесіне кіріп келді. Келген бойда:

–Бізбен бірге жүріңіз! –деп бұйырды. Аудармашы жігіт аузы–басын қисаңдатып сөйлеп, тәржімәлап берді.

–Қайда? –деп сұрады Өскеменге Голливуд актерлерімен бірге деректі фильм түсіруге келген шетелдік порно–жұлдыз, атақты, әлемдік  жалаңаш қыз.

–Біздің тойға. Қонақ боласыз!

–Жо–жоқ, рахмет, кеше ғана мешітке барған едік, қазақтар көшеде болсын, қонақ үйде болсын, бетіме түкіріп жатыр, түкіріп жатыр! Түкіріктері таусылмайды екен?

–Біз түкірмейміз! Біз мақтаншақ қазақтармыз!

–Әкімдеріңізден рұқсат сұраңыздар!

–Той әкімнің тойы емес!

–Бармаймын...

–Мешіт молдасымен суретке түскенде, құран оқылып,  қол жайғанда пәледейсіз! Баламның үйлену тойына неге бармайсыз?

–Мен сізді танымаймын! Достарыммен ақылдасайын?

–Бізді ақша  таныстырады! Бір миллион доллар жете ме?

Бай Линнің көздері ойнап кетті, «Не деген ақымақ қазақ?» деген ой санасына бойлап кетті. Ернін тістелеп, еріне сөйледі.

–Тойға барамын да, жәй отырамын ба? –деп сұрады сосын.

–Жартылай жалаңаш отырасыз. Құдағиымның қасында. Сосын қазақтың жалаңаштанған қыздарымен стриптиз билейсіз, жарысасыз! –деді миллиардер. Аудармашы жігіт тәржімалап еді, Бай Линн жымиды:

–Оо, сіздерде де порно жұлдыздар бар ма еді?

–Жабайы жұлдыздар көп. Сосын ертеңіне құдалықта боласыз. Сосын бір туысым баласына сүндет той жасайды, соған қатысып, бір ай бойы үйлену,  ажырасу, түшкіру 50, 51, 52, 53 ,54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 жас мерей тойларына барасыз! Біз сіз кеткен соң мақтанатын боламыз! «Біздің тойларға Голливуд жалаңашы Бай Линннің өзі қатысып, қуырылған балық жеді!» деп...

–Тойыңызда молдалар болады ма?

–Молдада басың, төсегіңде шашың қалсын! –деді миллионер ыңырана сөйлеп, –мешіт молдасы саған  көзінің қиығымен қарап суретке түскен екен, басы пәлеге қалды! Оның қандай жазығы бар? Сенің кесіріңнен «біссімілләсін» ұмытып қала жаздады!

–Құдағи деген не? –деп сұрады Бай.

–Құдағи деген құдағи! Құданың қатыны.

–Ал, құда деген не?

–Ол Құдағидың байы!

–О, құданың қасында отырамын!

–Екеуінің ортасына!

Той басталғаннан құдағи жанында жартылай жалаңаш отырған Бай Линді жақтырмады. Ал, құдасының жаны кіріп, жыртаң–жыртаң етеді. Бір кезде қызғаныштан жарылған құдағи порно–жұлдыздың бетіне бір кесе ыстық шәй шашып жіберді. Онымен қоймай, мұрнына мейіз тықты. Құлағына салат салды. Аудармашы жігіт сасып қалып:

–Біздің елдің дәстүрі ғой. Сізге деген құрметі, –деп жымиған болды.  Құдағи қарап тұрмады, порно–жұлдыздың шашын тарап тұрмады. Шашынан сүйреп, ортаға алып шықты да, биіктігі алты метр келетін алып торттың ішіне сүңгітіп жіберді! Сол тортқа малынған күйінде жалаңаш қызды өлтіріп алмайық деді ме,  миллиардердің оқ қағарлары қонақ үйге апарып тастады. Бай Линн жылап отыр, жанындағы достары үстіндегі торттан жалап отыр... Енді бірі бір миллион долларды санап отыр... О, мақтаншақ қазақ, мешітіңді шайтаннан тазала!

Мұхтар Шерім

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір