• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:32:55
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Оқиғалар

Нидерланды премьер-министрі парламентте еден жуып жүр (видео)

Түркияның Голландиядағы  елшісі Кис ван Бек 51 жастағы саясаткердің бұл әрекетін видеоға түсіріп, өзінің Twitter парақшасына жариялады.

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратында кофе төгіп алғаннан кейін еденді жуып, былғанған турникеттерді сүртіп шықты. Түркияның Голландиядағы  елшісі Кис ван Бек 51 жастағы саясаткердің бұл әрекетін видеоға түсіріп, өзінің Twitter парақшасына жариялады.

Видеодан еден жуушылардың премьер-министрдің әрекетіне таңғалғанын байқауға болады. Олар Марк Рюттені қолдап қол шапалақтады.

Кейбір желі қолданушылары премьер-министрдің бұл әрекетін халыққа жағу үшін істегенін айтады, алайда Түркия елшісі  Марк Рютте өмірде сондай қарапайым адам екенін және оны бірнеше мәрте Гаагада велосипедпен жүргенін көргенін де жазды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір