• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:55:11
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапармен барды

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездеседі

Мемлекет басшысы Пекин қаласына келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр. 

Осы жиынның алдында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екіжақты кездесу үшін қазақ басшысын ел астанасына арнайы шақырып отыр. Бұл қос мемлекет басшысының 18-ші рет жүздесуі. 

Ал соңғы кезде қысымға ұшыраған Қытайдағы этникалық қазақтар ортасындағы туыстарына барып ұсталып, қамалған Қазақстан азаматтары мәселесі бұл сапарда айтылар-айтылмасы әзірге белгісіз.

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір