• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:30:59
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президентімен кездесті

Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Ақордаға келді.

Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков Ақордаға келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесімен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.

- Қош келдіңіз, Сауранбай Шәріпұлы. Бүгінде бірнеше мәселелер шешіліп жатыр. Жол картамыз бар, сауда-саттық та жақсы болып жатыр. Болашақта барлығы дұрыс болады деп есептейміз. Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен әлі де көп жұмыстар жасаймыз. Мұның барлығы ел үшін жасалып отырған істер. Бүгін бес мемлекеттің басшылары кездесіп, талқылайтын мәселелер бар. Өзіміздің экономика, сауда-саттық, логистика және басқа да мәселелерді шешуге мүмкіншілік болады деп санаймын. Өз пікіріңізді айтыңыз, бірлесіп шешеміз, - деді Елбасы.

Бүгін Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары кездеседі. Бауырлас елдердің жетекшілері алғаш рет Кремльдің қатысуынсыз өзара жиын өткізбек.

Бүгінгі жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері және Түркменстан парламентінің төрағасы қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір