• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:42:12
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

«Нұрлы жер» бойынша ипотекалық қарыздарды 10%-бен беру қарастырылуда

Ипотекалық несиелендіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында Бағдарламаға түзетулер енгізілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жер: тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру» Қазақстанның ипотекалық  нарығын ынталандыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қаржы операторы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - ҚИК)  Қазақстан Республикасы азаматтарына ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау нәтижелері туралы мәлімет берді.

Шараға «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкім, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры Еркін Сыздықов қатысты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялау – ипотека бойынша қарыз алушыға, бастапқы тұрғын үйді сатып алу барысында соңғы мөлшерлемесі жылдық 10%-бен беруді қарастырады. Бағдарлама талаптарына сәйкес айырмашылық банкіге, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы мемлекеттік қаражаттармен өтеледі. Бағдарлама шеңберінде оны іске асыру кезеңінен бастап барлығы  120 млрд. теңге сомасына 8 000 қарыз, оның ішінде 2017 жылы – 15 млрд. теңгеге 1 000 қарыз және 2018 жылы – 105 млрд. теңгеге 7 000 қарызды беру жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша 12,3 млрд. теңге сомасына 1209 өтінім келіп түсті, оның ішінде 12 млрд. теңгеге (98%) 1180 өтінім мақұлданды. Бағдарламаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Семей, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары қатысты.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары сыйақысының бөлігін субсидиялау бағдарламасы іске асырылғалы бері биылғы жылдың маусым айынан ипотекалық нарықтың жанданғаны байқалады - коммерциялық банктер (КТҚЖБ есепке алмағанда) ипотекалық несиелерді беру көлемін 2016 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 51%-ға арттырды. Халық тарапынан субсидия өніміне деген сұраныс артып отыр, бұл ай сайын  мақұлданған  өтінімдердің  80% өсуімен, сондай-ақ, ЕДБ тарапынан Бағдарламаға қатысуға деген қызығушылығының артуымен расталып отыр. Бүгінгі күні қарыздарды алты банк - «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (жеке тұрғын үй құрылысын дамыту ) беріп жатыр. Жыл соңына дейін «Цесна Банк» АҚ, ал келесі жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ , «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ,  «Qazaq Banki» АҚ Бағдарламаға қосылуды жоспарлап отыр.

Ипотекалық несиелендіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында Бағдарламаға түзетулер енгізілді: бұрын мөлшерлеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланған болса, қазір ЕДБ субсидияланатын қарыздары бойынша кірістілік деңгейі жылдық 16% -дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тиянақталды, 30% алдын ала төлем ретінде қарыз алушы, қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаларға тиесілі тұрғын үй ретіндегі баламалы жылжымайтын мүлікті қосымша кепілзатты ұсына  алады, сондай-ақ, бастапқы жарна ретінде, растаушы құжаттарды ұсыну барысында қарыз алушының құрылысты салушыға төлеген алдын ала төлемі де есепке алынады. Бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілді: пәтерлерді тек қазір құрылысты салушылардан ғана емес, сондай-ақ құрылыстағы пәтерлерді салушыларға сатқан басқа заңды тұлғалардан да (сауда-саттық компаниялары) сатып алуға болады. Бұл өз кезегінде қарыз алушының таңдауын маңызды түрде арттырса, ал құрылысты салушылар үшін қолжетімді тұрғын үй нарығына жаңа нысандарды көптеп шығаруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру барысында ҚИК мен серіктес-банктердің қарыз алушының жағдайын жақсартуға бағытталған өзара ынтымақтастық әрекеттерінің нәтижелеріне қол жеткізілді. Бөлек банктермен субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз алушы үшін төлем жүктемесін төмендету бойынша қосымша талаптар ұсынылды - «ЦентрКредит Банкі» АҚ мөлшерлемені жылдық 10% көлемінде сақтап қалып отыр, «Сбербанк» АҚ ЕБ мөлшерлемені тек қана 0,5% көтере отырып, жылдық 10,5% көтерді. Қарызды субсидиялау туралы өтінішті қарастыру мерзімі бұрынғы алты күннен үш күнге дейін қысқартылды.

«Ағымдағы жылда Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ипотекалық облигацияларды шығару арқылы банктерді қорландыра отырып, ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу үшін инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлады.

Қазіргі уақытта Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында өзінің облигацияларының он бесінші шығарылымының алғашқы траншын жалпы сомасы 30,0 млрд. теңгедегі шығарылымын 8,5 млрд. теңге көлемінде орналастырады. Болашақта, ипотекалық нарықты ынталандыру мақсатында, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы акцияларын орналастырудан түскен  қаражатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінен талап ету құқықтарын сатып алуға бағыттайтын болады», - деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір