• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:06:50
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Нұрлан Сауранбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

Сонымен қатар, қала әкімі өз сөзінде журналистерге сыни мақала жазуды ұсынды

Шымкентке Нұрлан Сауранбаевтың әкім болып сайланғанына ай толды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осы уақыт ішінде әкім 117 гектар жерді алып жатқан Шымкент қаласының жұмыстарымен танысты. Өзінің алдағы жоспарларымен Н. Сауранбаев Шымкент қаласындағы және ОҚО-дағы БАҚ өкілдерімен кездесу барысында бөлісті.

Қала басшысы өз сөзінде халық пен халықтың сөзі ескерусіз қалмайтыны айтылды. Халықтың барлық сауаптарына жауап берілетінін де тілге тиек етті қала әкімі.  Сонымен қатар, қаладағы транспорт мәселелері мен коммуникация қала әкімдігінің басты назарындағы мәселелер екенін айтты.

Нұрлан Сауранбаев жұмыстың жаңа форматын да таныстырып өтті. Қазір әкімдіктің арнайы өкілі бар. Жаңа формат бойынша,  БАҚ өкілдерінің жиналыстарға қатыспайды.  Актуальды сұрақтарға әкімнің арнайы өкілі жауап беретін болады. Осы тұста әкім бұл форматтың әкімнің халықтан жасырын болуы емес , керісінше, БАҚ пен әкімдіктің бір қазанда қайнап жатқанының белгісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, қала әкімі өз сөзінде журналистерге сыни мақала жазуды ұсынды.

"Барлық әкім белгілі бір қаржымен шектеледі. Бұл жағын да түсініңіздер. Бүгінде қала бюджеті 40-45 млрд теңгені құрап отыр. Ал Шымкентте 3000 км автожол бар және оның тең жартысы асфальттелмеген. Егер мен барлық қаржыны жолдарды жөндеуге жіберсем қаламызда бірде-бір мектеп, аурухана бой көтермес еді. Қаржының барлығына бірдей жетпейтінін түсінуіміз қажет және нақты жоспармен жұмыс істеуіміз керек" деп айтып өтті қала әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір