• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:36:27
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Нығматулин: Медициналық қызмет сапасын бағалаумен қоғам айналысу керек

Заң жобасында халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске түзетулер енгізу қарастырылған.

Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен мәжілістің пленарлық отырысында бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру туралы заңнамалық өзгерістер қаралды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Заң жобасында халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске түзетулер енгізу қарастырылған. Оған сәйкес азаматтардың медициналық көмек сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдарға берілуі ұсынылды.

«Азаматтардың медициналық көмекке қанағаттануын азаматтық қоғам институттары бағалағаны дұрыс. Министрліктің назар аударатын басқа да мәселелері жетіп жатыр. Ең алдымен, медициналық көмекті сапалы ұйымдастыруды қолға алу керек», - деді мәжіліс спикері.

Сонымен қатар Нығматулин үкіметтік емес ұйымдар Денсаулық сақтау министрлігіне әр түрлі жағдайларда жылдам әрекет етуге көмектесетінін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір