• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:13:51
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2018 NEWS

Назарбаев: Қайым Мұхамедхановтың Астанаға не қатысы бар?

«Абайтанушы, әуезовтанушы, тағы бірдеңе ... танушы..  Астана көшелеріне бәрінің есімін бере  бересің бе? Оның қалаға қандай қатысы бар?» - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға қатысы жоқ адамдардың есімі берілген көшелердің атын ауыстыруды тапсырды деп, хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Астанадағы көше атаулары адамды адастырады. Бір көше, бір көшенің әр жерінде түрлі атаулар. Мұхамедханов, Сарайшық, Қошқарбаев - бір көше болса, Орынбор, Сығанақ, Қалдаяқов - басқа көше, мұныкім бұлай жасаған? Пошташының өзі шатасады. Көше атауларын ретке келтіруді тапсырып едім ғой. Бұл атауларды кім берген, білмеймін. Әділбек Рыскелдіұлы ма, әлде оған дейінгілер ме? Қалай болса солай. Қалаға, тіпті, елге бұл адамның қатысы бар ма, жоқ па?, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ономастикалық комиссияның құрамына танымал ғалымдар мен тарихшылар кіретінін айтты.

«Олар не түсінеді? Біз қалада тұрамыз. Егер адамның атын бермесең, нөмірле. 13-даңғыл деп, осылай дұрыс емес пе? Мысалы, қазір Вашингтонда барлық көше нөмір бойынша ғана жүйеленген. Мен мұның не екенінен бейхабармын. Бір кездері Тасмағанбетовке (көшелерге - ред.) Сарайшық, Сығанақ сияқты тарихи астаналардың есімін беруге рұқсат еткенмін», - дейді президент.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы көшелердің біріне аты берілген Мұхамедханов деген адамның кім екенін сұрады.

«Танымал академик, абайтанудың негізін қалаушылардың бірі», - деп жауап берді Ермек Аманшаев.

«Абайтанушы, әуезовтанушы, тағы бірдеңе ... танушы. Астана көшелеріне бәрінің есімін бере  бересің бе? Оның қалаға қандай қатысы бар?» - деді Назарбаев.

«Астанаға қатысы жоқ адамдардың есімі берілген көшелердің атын ауыстырыңдар. Адамдарды шатастырып, көше аттарын ауыстыра бергеннен пайда жоқ, бірақ сонда да тәртіп орнатыңдар. Тағы қайталап айтамын, көшелерді нөмірлей салыңдар, болды, - деді президент.

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір