• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:20:48
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Экономика

Назарбаев: Бізге мұнай бағасынан тәуелсіз басқа экономика қажет

Құдайға шүкір, барлығы бар. Бірақ бағаның қалай өзгеріп жатқанын көріп жүрсіздер ме?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен 100 жаңа оқулықты таныстыру шарасында мұнай бағасына қатысты пікір білдірді.

«Бізде мұнай бар, газ бар, темір, қорғасын, цинк, алтын бар. Құдайға шүкір, барлығы бар. Бірақ бағаның қалай өзгеріп жатқанын көріп жүрсіздер ме? Мұның барлығы биржалық тауарлар. Былтыр мұнай бағасы барреліне 140 долларға жетті, кейін 30 долларға түсіп, қазір 50-60 доллар болып тұр. Ал ертең не болатынын білмейміз», — деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса Елбасы мемлекетке жетіспей жатқан мамандарды атады.

«Қатпарлы газ, балама энергетика дамып жатыр, сондықтан бізге басқа экономика қажет. Алты жылда біз 1 200 кәсіпорын салдық — бұл кадрлардың басқа деңгейі, басқа жалақы, басқа адамдар деген сөз: техниктер, инженерлер. Осы мамандар бізге жетпей жатыр», — деді Президент.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір