• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:43:19
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

Оралдық көкек ана ақыры ата-аналық құқығынан айрылды. Жаңа туған нәрестесін құрылыс алаңына тастап кеткен 21 жастағы Зарина Досмұхаметоваға қатысты сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Нәрестені биыл жазда Орал қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінен күзетші тауып алған. Мұнтаздай тап-таза, құндақталған балаға барлық екпе уақытылы жасалған екен. 

Кейінірек анықталғандай, ұлының әкесімен ұрсысып қалған Зарина алғашында оны жетімдер үйіне өткізбек болыпты. Бірақ таба алмай, баласын құрылыс алаңына тастап кеткен. Әлижан есімді нәресте қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. 

Ал келіншек "қауіпті жағдайда қалдырды" деген баппен айыпталып, әуелі қоғамдық жұмысқа жегілді. Одан соң баланы өзіне қайтарып алуға тырысқан болатын. Бірақ сот мүлдем басқа шешім шығарды.

"Сот шешімі бір айдан кейін күшіне енеді. Бұл бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады. Республикалық деректер банкінде тұратын азаматтар бұл баланы қамқорлыққа немесе патронаттыққа алуға құқығы бар. Енді 6 ай өткеннен кейін ата-анасы ата-аналық құқығын өз қалпына келтірмесе, бұл бала асырап алуға да құқығы болады", — дейді Орал қалалық білім бөлімінің балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Ақиіс Бержанова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір