• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:41:29
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 NEWS

МЮСИАД-тың Конядағы филиалы 26-29 сәуір арасында Алматыға келеді

МЮСИАД-тың Конядағы филиалы 2018 жылдың 26-29 сәуір арасында шетелдерде іскерлік сапарларды іске асыру мақсатымен Алматыға келеді

МЮСИАД-тың Конядағы филиалы 2018 жылдың 26-29 сәуір арасында шетелдерде іскерлік сапарларды іске асыру мақсатымен Алматыға келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сондай-ақ сапар барысында Түркияны 2023 жылғы экономикалық мақсаттарға жақындастыру және Түркияның Қазақстанға деген экспортын арттыру мақсаты көзделуде.

МЮСИАД-тың Қазақстандағы Президенті Йылмаз Кесен, МЮСИАД-тың  Кониядағы өкілдеріні Алматыда қарсы алады. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жергілікті кәсіпкерлердің қатысумен өтетін B2B кездесулерде Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттыруға бағытталған тақырыптар қолға алынатын болады.

Түркиядан келетін сауда делегацияларының секторлық қызметтері құрылыс, машина жасау, металл, автомобиль, қосалқы бөлшектер, зергерлік бұйымдарды өндіру, электроника, есептеу техникасы, жиһаз, тұрмыстық техника және ауаны баптау салаларын қамтиды.

Қазақстан мен Түркиядан іскер делегацияларының қатысуымен 26 сәуір күні сағат 12.00-де «РАМАДА» қонақүйіндетүскі аспен бірге өтетін жиналысқа шақырамыз.

Ақпарат және байланыс үшін:

Гүлжан Оспанова

[email protected]

тел: 8-7074744734

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір