23Қараша

Миы ауысқан депутат

Миы ауысқан депутат

-Бәрекелді, Қожеке!
-Депутат деп осыны айт, әп, бәрекелді!
-Көп жаса, бақытты бол,-деп жатыр халық, Қошқарбай Қожабаевичті құттықтап. Халықтың қошеметіне кенеліп, аты аспандатып кетеді деп Қошқарбай ойламаса керек. Не болып кетті өзі? Бес жыл бойы халық қалаулысы болып жүріп, халықтан қошемет көре алмаған депутат, бір күнде халықтың жанашырына ұқсатылып, аты бүкіл қазақ мақтан тұтатын азаматқа айналады деп ойлады ма? Жоқ. Негізі неден басталып еді өзі? 
-Әй, Қожеке, басыңызда ісік бар, алдырмаса болмайды, әлі де қалшылдаған 25 тегі жас жігіттейсіз, басыңыздағы ісікті алмасақ миыңызың бәрін алып кетеді, ойланыңыз,-деген тұғын Степан Адамович, Қошқарбайдың басындағы ісігін көріп. Сонда да, депутаттығынан айрылып қаламын деген ой, Қошқарбайға маза бермей, басындағы ісікті де елең етпеген еді. Уақытты өткізіп алса керек. Кенет депутаттың басы қатты ауырып, Степан Адамовичтің алдына тағы келді.
-Ну, Кожеке, ісік миыңызға тарап кеткен, енді миыңызды қоса алып тастау керек!
-Не, не Адамович, бұлай болмайды, депутаттың миы алтын. Ол халықтыкы, маған ісікті кетіретін дәрі бер,-деді Қожеке қарсыласып.
-Кожеке, сізге айтарым, сіздің ісігіңізді алып тастағанмен миыңыз қайта жұмыс істей ме істемейме белгісіз, менің ұсынысым бар, егер қабыл етсеңіз....
-Айта бер, айта бер..
-Меніңше миыңызды ауыстыру керек сияқты. Қазір медицина дамыған, менің клиникамда отаның түр-түрі жасалады, келіссеңіз, судай жап-жаңа ми салып береміз.
-Миымды ауыстырасыңдар ма? Тағы не ауыстыруға болады сонда?,-деді Қожеке таңғалып.
-Менің клиникамда бәрін, көз десеңіз көзді, қол, аяқ, тіпті бас пен жыныс мүшеңізді де ауыстырып береміз, тек қаласаңыз болды, Қожеке.
-Тәйт, тәйт, жақсы екен, но жыныс мүшені ауыстырмаймын, этому мужику «дватцать первый палец» самому нужен,-деді Қошқарбай өзін нұсқаған бойда қарқылдап. – Дайын ми бар ма? Маған кәрі құртаңдар емес, свежий ми керек,-деді артынша. 
-Ну, бар бізде бір жас жігіт, ешкімі жоқ болса керек, қойшы ма әлде малшы ма, адасып жүрген біреу, қаласаңыз, сол жігітті донор етейік. Оған ол мидың керегі не, бәрібір сіз сияқты депутат болып отырмайды, оған сіздің ісігі бар миыңыз да жарап қалар,-деді дәрігер. 
-Онда, жаңа миымды ауыстырайық, Степан Адамович,-деді де бұлар қарқылдап күліп алды. 
Ота 48 сағат 12 минут 3 секунд бойы жалғасты. Сәтті шыққан ота Қошқарбайды бір-екі күннің ішінде ақ орнынан тік тұрғызды. 
Демалыстан оралған Қошқарбай депутат тың жаңалықтармен оралса керек. Басында еш ой жоқ, жаңа ми әсер етті ме, өзін жас жігітше ұстап, әр бойжеткенге бір қылымсып, шабыттанып өлең шығарып, әнші болып та жүр. Аяулы жары көз алдына үлкен көрініп, тоқал алам деген сөзді де жиі айтатын болып алды. 
Кезекті депутаттар жиналысы болып жатыр еді. Ұйқысы келіп, маужырап отыр. Анда-санда аузын айқара ашып есінеп қояды. Тіпті талқысып, көзі ілініп кетсе керек. . Кенет сөз Қошқарбай депутатқа берілді. Орнынан атып тұрып, ортаға келген ол, сөз алмастан бұрын, шашын сипалап, қылжақтап қояды
-Құрметті депутаттар, -деп бастады сөзін. Жалпы не айтқысы келген еді, есінен шығып кетсе керек! Миын ауыстыру отасынан бұрын, бірнеше заңдарға ұсыныс жасаған еді. Халық шу шығарып, заңдар қабылданбай қойды. Енді ойында ештеңе жоқ, судай жаңа ми ештеңе ойлағысы жоқ па, әлде, қойшының миы тек қой болып кеткен бе? Көз алдына маңыраған қойлар ғана келе береді! 
- Құрметті, халайық,-деп сөзін тағы жалғастырды. Ойына бір ойлар сап ете қалды. – Менің де бірталай ұсыныстарым болып тұр, мәселен,-деді көзін ұқалап қойып, қайта қырылдай : - Бұдан былай, ешқандай депутат жиналыста ұйықтамасын, мейлі түнімен ол әйелінің қойнында жатты ма, жоқ тоқалының ба, әлде халықтың қамын жеп жаңа заңдар жасады ма, бәрібір, егер жиналыс үстінде көзі жұмылған бір депутат болса, сол міндетті түрде депутаттықтан шығарылсын,-деді. Зал шу ете қалды. Қошқарбайдың жаңа танытқан қылығы отырған депутаттарды арлы-берлі қозғалақтатып, сыбырлатып қойды.
– Жөн емес, депутат халық қалаулысы, халық үшін түнімен жұмыс істейді, жиналыста көзі ілініп кетсе айып жоқ, бәрі халық үшін, халық деп жүргенімізде, үш минуттық ұйқыны көріп қалмас,-деді залдағыладың бірі. Қошқарбай көнбеді. Қожекең бір жақ, қалғандары бір жақ. Ал, елбасы қол қойды...
Халықтың арасында сып-сып сөздер көбейіп, Қошқарбайдың аты ерекше аталып, теледидар бетінен түспей жатыр. Депутаттар наразы, Қошқарбайдың аты шықты. 
Жиналыстан жиналыс. Депутаттар еді Қошқарбайдың не айтарын тағы бақылап отыр. Алдыңғы сөзі іске асып, енді ұйықтап қалған депутаттар бірінші болып, құжаттарын кері тапсырып, ауылдарын кетеді. Заң бар. Тікеден –тік отырған олар, ара-тұра есінеп қойса да, жылы орындарына айырылып қалмайын деп, көздеріне сіріңке тіреп алғандай, бақырайып отыр. Кезекті сөз тағы да Қошқарбайда.
-Құрметті, депутаттар! Құрметті халайық! Менің тағы бір ұсынысым бар, меніңше біз, депутаттар жалақыны тым көп алатын сияқтымыз, осылай отырып алып заң шығарғаннан көрі далада тыным таппай жүрген халық ақшаға зәру. Енді, айтарым, біздің жалақыны қысқартып, қара халыққа бөліп берілсін. Біздердің алатын миллионымыздан 100мыңы жетеді, қалған ақшаны халықтың игілігіне берілсін,-деді шіміркпестен. Зал тағы ду-ду. Сонда да, кейімеген Қошқарбай, сөзін жалғастырды:
-Халық көбейсін десек, әр туылған баланың есебіне он мың доллардан жіберіліп, ол он сегізге келгенде жиырма мың доллар болып берілсін. Егер анасы ол ақшаны керек етсе, банктен шешіп ала алады, ал баласының болашағын ойласа, сол ақшаны сақтап, оның алдағы өміріне қызмет жасасын. 
Халық тағы Қошқарбайды мақтап, жар салып жатыр. 
Енді депутаттар Қошқарбайдан шын қорқайын деді. Күн сайын не шығаратынын білмей, оның әр-жүріс тұрысын аңдып, артынан адам да салынып қойды. Ал, Қошқарбайдың тіршілігі сол, үйіне барады, ұйықтайды, қайта таң атар атпастан тұрып алады да ойланып отырады. Ал бүгін, Қожекең тағы бір тосын сый дайындап келіпті. Үстіне күнделікті киіп-жүретін шырттай болған костюм-шалбар емес, қарапайым қазақы еркектің оюлы жейдесі мен жарғақ шалбар, жолақты шапан киіп, басына мақтадан пішілген төбетей, аяғына саптама етіп киіп алыпты. Отырған жұрт мысқылдап ду күліп жүр. Қошқарбайды аспаннан келген өзге ғаламшарлыққа теңеп, арасында «мәмбет» деп қалғандар да болды. Бірақ ол сөзге тіптен де мән бермеген Қожекең, келесі сөзде өз киімін тілге тиек етті:
-Уа, халайық, менің тағы бір ұсынысым бар, бұдан былай депутаттар, киімдеріңізді дәл менікіндей өзгертіп, қазақ екенімізді танытсақ деймін. Әр халық өзінің ұлттық киімін киіп, өз салт дәстүрімен әлемге танылуы керек. Ерлер ерге тән шапан, шекпен, жарғақ шалбарын кисе, әйелдеріміз бүрмелі көйлектері мен кимешектерін кисін. Жас келіншектер де қайын жұртына келін болып түскен соң, үлкендердің алдында бас киімсіз жүрмей, бұдан кейін орамалын тағып, өзінің ана екенін танытсын. Ал жас қыздар, қос бұрымдарын өріп, шолпысын сыңғырлатып, қос етекті бүрмелі көйлегін кисін. Белін белдікпен буып, арын сақтасын. Босаған белдік, қыздардың арының таза еместігін көрсеткен. Сол себепті қазақ екенімізді көрсететін бірден бір себеп осы ұлттық киімімізді киюды бастайық. Мен солардың ең алғашқысымын,-деді. Залдағы жұрт тіптен терлеп, дем жетпей отыр. Қошқарбайдың тағы қандай сөз айтады екен деп, қорқумен отырған сияқты.
-Уа, халайық, сонымен қатар,-деді Қожекең тағы сөзін жалғастырып:- Бұдан былай, ұлттық киімімізбен қатар, енді өз ана тілімізде сөйлейтін кез келді. Қазақ тілін шұбарлап, арасында орысша сөйлеп кететін қазақтарымыз, өз ана тілінде сөйлегісі келмесе, тілдері кесіліп, сақау болсын. Бәрібір, өз ана тілін қорлаған адам, сақаудың өзі емес пе? Бұдан былай, іс-қағаздар тек қазақ тілінде жүргізіліп, мектеп тек қазақ тілінде болсын. Қазақ елінде өмір сүретін, сүргісі келетін әр бір жан, мейлі ол орыс, өбек, татар болсын, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Қазақ тілінде сөйлей алмаған адамға, ай сайын айыппұл салынып отырсын. Ол айыппұл тек қазақ тілін өз ана тіліндей құрметтеп, тек қазақ тілінде сөйлей алғанға дейін жалғассын. Аракідік бір орысша сөз айтылып кетсе, онда сол сөздің көлемінде айыппұл салынсын. Әр бір әріпке мың теңгеден келер болса, орысша сөз сөйлемек түгілі, орыс тілін де ұмытар еді, мен бұдан былай тек қазақ тілінде сөйлеймін,-деп аяқтады сөзін Қожеке. Депутаттардың еңсесі түсіп, халық Қожекеңді тағы көкке көтерді. Қожекеңнің ұсынысына елбасыда қол қойып, енді депутат Қошқарбайдың мерейі үстем болып, халық қалаулысына айналып бара жатыр. 
Күндер өтіп, әр жиналыста сөз сөйлеген Қошқарбай Қожабаевич енді Қожабайұлы болды. Нағыз қазақ келбетін танытып, тек қазақ тілінде сөйлейтін, халық жанашыры, халықтың ең мейірімді депутатына айналды. Сөйлеген сөзін аңдып, күтіп отыратын болды халық. Басқа депутаттар Қошқарбайдың бұлай өзгеріп кеткеніне таң қалып, оны аңдып, арбап, ойынан қайтуын сұрап, жалбарынды.
- Жалақымызды қысқартпасын, еш тоқал –моқал алмаймыз, жиналыста ұйықтамаймыз, тек сөйлей бермеңіз, бізге де бір ұсынсытарыңызды айтыңыз, біз де өз атымызды шығарайық,-десті бірінен соң бірі. Оған Қожекең көнбеді, несіне көнеді, қайдан, қалай ой туып отырғанын білмейді, дәл жиналыста ойына келген сөзді айтады. Басқа күндері шіркін сары даланы аңсайды. Күрең атқа мініп алып, ысқырып келіп, маңыраған мыңдаған қойларды қайырып, сайын далада шауып жүрсе. Шіркін армандағанға не жетсін. Бірақ амал тапты. Қошқарбайдың келесі айтар сөзі де осы сайын дала болмақ. 
-Уа, депутат мырзалар, уа халайық, бұдан былай, әр халық қалаулысы, сіз бен біз, депутат, сенат, министрлер, сайын далаға барып, бір аптаға малшылардың қойын бағып берсін. Әйелдері сиыр сауып, құрт-май тартқанды көрсін, еркектер қой қайырып, жылқы бағып, оны ит-құстан қарып, күзетке тұрсын. Бұл әр басшы адамның жұмыс ережесіне кірсін,-деді. 
-Ойпырмай, мынау бізді өлтіреді ме?,-деді тағы бірі. Қол қойылды. Заң қабылданды. Енді басшылық қызметте жүрген әр «Басеке»-лер бір айға малшыларға қолқанат болып, мал бағатын болды. 
-Қожеке, тым қатты кетіп бара жатырсыз, ең құрығанда бізді де ойлаңыз, халық бізді де жақсы көрсін, сізге астымдағы «HAMMER» көлігімді берейін, сыйлық болсын, маған бір ойыңызды айтып жіберіңізші,- деп тұр жолдас басшылардың бірі. Қожекеңнің ойына тағы бір ой келді...
-Уа, халайық! Уа, депутат мырзалар, бүгіннен бастап «HAMMER», джип, тайота дегенді қойыып, ең мықты көлік «Моквичты» мінетін болыңыздар, «Москвич» деп аталмай, бұдан былай «Астаналық» көлігі болсын, ол көлік ұнамаса, қоғамдық көлікпен жүріңіздер, халыққа жақын боласыздар! 
Қошқарбайдың неге екені белгісіз, ойына қойшы жігіттің әкесі түсіпті. Өзін көрмесе де, көз алдына келіп тұрған сияқты. Байғұс әкесі, қой соңында жүрем деп, осы бір «Мәсквичке» жете алмай ақ қойып еді. «Әлгі «Мәсквичті» алсам, ана қойларды аң құсқа бергізбей, сол мәсквишімде жатып ап күзетер едім» деп армандап отырады екен. Сол әкесі, көршісі үйіне судай жаңа «Мәсквичті» алып келгенде алғаш көріп, жүрегі жарылып қайтыс болыпты. Қайран жүйрік «Масквич»!
Халық мәз, басшылар ашулы. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ. Не керек, Қошқарбай Қожабайұлы халықтың жоғын жоқтап, оғын оқтап отыратын ғалым болып шыға келді. Заң қабылданып жатыр, қабылданып жатыр. 
-Айтарым бар, -деді тағы депутат. Бәрі «енді біттік» дегендей үнсіз қалды. – Қосжыныстылардың көзін құртып, бала зорлағыштардың жынысын ауыстырып, өзіне де сондай аюуандық жасалсын, көрсін, сәбиді жылатқан қандай боларын, одан кейін түгелімен алынсын. 
-Не деп кетті сұмдық ай!,-десті бәрі. Халықтың қошеметіне лепіріп кеткен Қожекең енді шабыттана бастады:
-Мектеп бітірген әр түлек тегін ЖОО-да оқылсын. Жас отауға тегін үй берілсін, ажырасып жатса үй қайта үкіметке көшсін! Жұмыссыздық жойылсын! Жезөкшелік жойылсын! Арлы қарындастар бүрмелі көйлек,қызыл бөрік, сыңғырлатып шолпысын, Ұлттық киім, ана тілде сөйленсін. Ашық-шашық жүргендерге айыппұлдар жазылсын.! Жас пен кәрі тегін спорт мектебіне берілсін. Бала көптеп туылсын! Ұрылардың қолы шабылсын, жын-ойнақтар жабылсын. Тегін емдел, тегін ота жасасын. Талай айтам, айта берем әлі де, қазақ халқы, әрдайым да жасасын!,-деп алқынып, үстіндегі шапанын шешіп тастап, екі иығын жұлып-жеп, әндетіп жіберді. Халық ду етті. Депутаттар сыртқа қарай зу етті. Не керек бүгін міне миын ауыстырғанына мәз болып отырған Қошқарбайды халық мақтап, нағыз халық қахарманы, батыры, жанашыры, «Алланың өзі жіберді, көз тимесін» деп жатыр... халық та тыныш, Қошқарбай да мәз. 
Содан кейін-ақ, халық ұлттық киімдерді киіп, кимешекті әже, орамалды жеңге, шолпылы қыздар көбейді. Тұмақ бөрік, кестелі шапанды жігіттер көрінді. Телеарна, радиолар тек қазақ тілінде сайрап, орыс тілі ұмытыла бастады. Не керек, Қошқарбайдың айтқан ұсыныстары заң болып қалыптасып, елге бірлік алып келіпті. 
Одан кейін не болды дейсіз ғой? Айтайын, одан кейін Қошқарбайдың үйін жағалап жүргендер оның әйеліне қызыл көйлек, ақ орамал, кәмпит-сәмпитын беріпті, ал әйелі Қошқарбайдың миын ауыстырғанын айтыпты. Өсек лезде тарап кеткен секілді...
Тегін қазақшаға өзгерткен Істепан Адамұлы бірнеше күннен бері хабар ошарсыз кетіпті, біреулер ота жасайтын құрал-саймандарымен бірге ұрлап кеткен сияқты. Ал, бірнеше депутаттар дереу қойшылардың малын бағуға кеткен деседі. Бәлкім, бәлкім... Әу, қойшыларыңыз ес түссіз жоғалып кетпесін!... 
Миы ауысса да, ауыспаса да халық жанашырлары аман болсын!

Қарлығаш Сарыбайдың хикаялары...

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Қарлығаш Сарыбайдың идеясының параболасы тура оймен дәлме-дәл гармония...

1
Латын әліпбиі әлемдік ақпараттық кеңістікте жетекші орынға ие
23/11 17:00 0 1645
2
ШҚМУ ғалымдары Шығыс Қазақстан географиясының оқулығын шығарды
23/11 16:50 0 1229
3
Суреттен не көрдіңіз? Өзіңіз туралы қызықты мәліметті біліңіз
23/11 16:09 0 85
Украина депутаты Саакашвилиді тікелей эфирде соққыға жықпақ болды (видео)
23/11 16:07 0 264
Мьянма билігі өз қылмысын жасыру үшін Еуро Одақтың ұсынысынан бас тартты
23/11 16:01 0 174

Таныстырылғандар

Жүрегінің соңғы соғысын да естіп үлгермедім… (ғибратты әңгіме)
Жүрегінің соңғы соғысын да естіп үлгермедім… (ғибратты әңгіме)
Жүрегінің соңғы соғысын да естіп үлгермедім… (ғибратты әңгіме)
...Əкем қайтыс болған соң анамның да денсаулығы сыр бере бастады...
12/11/2017 19:25 10 8747
Аппақ Сәбит қамалғанымен заңсыз кәсібі жалғасып жатыр. Бұған кім жауапты?
Аппақ Сәбит қамалғанымен заңсыз кәсібі жалғасып жатыр. Бұған кім жауапты?
Аппақ Сәбит қамалғанымен заңсыз кәсібі жалғасып жатыр. Бұған кім жауапты?
Өз отбасын, өз құқығын қорғамақ болған, әрі әділдік іздеген Нұрлан Тұрман өзінің де арызының қаралғанын талап етіп, редакциямызға хабарласты.
13/11/2017 17:31 46 3495
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды
13 қарашада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды.
13/11/2017 19:29 27 826
Қазақстан гейлері туралы фильм БҰҰ жүлдесін алды
Қазақстан гейлері туралы фильм БҰҰ жүлдесін алды
Қазақстан гейлері туралы фильм БҰҰ жүлдесін алды
Қазақстандағы гейлер туралы фильм БҰҰ-ның бірнеше ұйымы ұйымдастырған жастар фильмдері конкурсында бірінші орын алды.
14/11/2017 12:34 1 2112
«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру» онлайн семинары өтеді
«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру» онлайн семинары өтеді
«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру» онлайн семинары өтеді
«Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» республикалық онлайн семинары өтеді.
14/11/2017 13:12 0 844
Атасы немересіне: «Анаңа керек емессің, маған керекпін дейсің бе?» (видео)
Атасы немересіне: «Анаңа керек емессің, маған керекпін дейсің бе?» (видео)
Атасы немересіне: «Анаңа керек емессің, маған керекпін дейсің бе?» (видео)
Өзбекстанда аты-жөні белгісіз қария өзінің 4 жастағы немересін сабап жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
14/11/2017 14:13 8 8915
Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады
Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады
Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады
Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі алдағы уақытта Шымкенттен мемлекеттік автобус паркін ашуды ұсынып отыр
14/11/2017 14:23 0 1194
Иран билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржы бөлді
Иран билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржы бөлді
Иран билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржы бөлді
Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан Иран аумағында 474 адам қаза тапты
16/11/2017 10:30 0 450
Ресейдегі сайлауалды сауалнама: Сіз кімге дауыс бересіз?
Ресейдегі сайлауалды сауалнама: Сіз кімге дауыс бересіз?
Ресейдегі сайлауалды сауалнама: Сіз кімге дауыс бересіз?
Ресей 2018 жылы өтетін сайлауға дайындық жұмыстарын бастап кетті
16/11/2017 10:54 0 611
Алматыда «Тұрақты көлік» жобасының 6 жылдық нəтижелері жарияланды
Алматыда «Тұрақты көлік» жобасының 6 жылдық нəтижелері жарияланды
Алматыда «Тұрақты көлік» жобасының 6 жылдық нəтижелері жарияланды
Жиын барысында Алматы əкімі Бауыржан Байбек Тұрақты көлік жобасы аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді
16/11/2017 13:40 0 552
Америкалық Wal-mart дүкені бір күнде $14 млрд-қа байыған
Америкалық Wal-mart дүкені бір күнде $14 млрд-қа байыған
Америкалық Wal-mart дүкені бір күнде $14 млрд-қа байыған
Олардың жалпы қаржылық жағдайы $174,1 млрд-ты құрайды.
17/11/2017 14:36 0 631
Алмазбек Атамбаев кешірім сұрады: Жүйкеміз темірден емес
Алмазбек Атамбаев кешірім сұрады: Жүйкеміз темірден емес
Алмазбек Атамбаев кешірім сұрады: Жүйкеміз темірден емес
Алмазбек Атамбаев өзінің тақтан кетер сөзінде  ренжіткеннің бәрінен кешірім сұрады.
20/11/2017 15:20 23 3903
Меркельге қауіп төнді: Германияда коалиция құру мәмілесі іске аспай қалды
Меркельге қауіп төнді: Германияда коалиция құру мәмілесі іске аспай қалды
Меркельге қауіп төнді: Германияда коалиция құру мәмілесі іске аспай қалды
Ангела Меркельдің келесі ретте қайта сайлану мерзіміне қауіп төніп тұр.
20/11/2017 19:29 0 422
Шымкентте ұлан жауынгерлері жоғалған үш бүлдіршінді тапты (фото)
Шымкентте ұлан жауынгерлері жоғалған үш бүлдіршінді тапты (фото)
Шымкентте ұлан жауынгерлері жоғалған үш бүлдіршінді тапты (фото)
Төрт жасар  Сұлтан және екі жасатағы Мәдина Ермектер Республика даңғылы бойында көзден таса болған.
21/11/2017 10:32 0 1692
Пиғыл — пенденің қазығы
Пиғыл — пенденің қазығы
Пиғыл — пенденің қазығы
Қазақ қоғамдық санасындағы  адамның ниеті, пейілі, ішкі пікірі дегенге саятын моральдық-психологиялық категория.
21/11/2017 15:09 0 203