• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:01:04
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 NEWS

Миграциялық ХҚКО-да сыбайлас жемқорлықты жою үшін шаралар жасалуда

Астана қаласындағы миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде

Астана қаласындағы миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бейне-бақылау құрылғыларын орнаттық. Сондай-ақ, қазіргі таңда тікелей байланыс жоқ. Ал, бұрын болған еді. Сәйкесінше, осы процесс сыбайлас жемқорлықты азайтады», - деді А. Баймұхамет.

Дегенмен, ол әлі де алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырғысы келетіндер барын жасырмады.

«Әлі де алаяқтық әрекеттерін жүзеге асырғысы келетіндер бар, бірақ біз оларды дер кезінде анықтап, қажетті шараларды қолданып отырамыз. Олар кезек күтпей-ақ, өздеріне тезірек қызмет көрсетілгенін қалайды. Бізде бәрі ашық. Электронды кезек күту жүйесі орналасқан. Сондықтан, оларды сонда бағыттаймыз», – деді басқарма бастығы.

Арман Баймұхаметтің айтуынша, бұл орталық халыққа қызмет етіп, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін құрылды. Ол еңбек мигранттарына қызмет етуде.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтарында Астанада миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып, бүгінде өз қызметін халыққа ұсынуда. Аталған орталық көші-қон қызметін оңтайландыру мақсатында ашылған еліміздегі ең алғашқы пилоттық жоба. Ол өз кезегінде көші-қон саласындағы кедергілерді жоюға бағытталып, шетелдік азаматтарға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде.

Аталған орталықта дактилоскопия, медициналық пункт, емханалық сақтандыру орны, нотариус пен банк орналасқан. Сондай-ақ, орталықтың ақпараттық порталы іске қосылған. Онда мигранттар өз-өздеріне қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, мұнда цифрлық технологиялар қолданылып, халықтың қажетіне жарауда.

Жақында осындай орталық Астана қаласының Есіл және Сарыарқа аудандарында ашылмақ. Бұған қоса, Алматы және Ақтөбе қалаларында миграциялық ХҚКО ашылады деп жоспарлануда.

Тәжібекова Салтанат Шорақызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір