• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:31:34
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 NEWS

Мугабе Зимбабве билігінен біржола кетті

Reuters ақпарат агенттігі Зимбабве президенті Роберт Мугабенің отставкаға кеткенін хабарлады.

Reuters ақпарат агенттігі Зимбабве президенті Роберт Мугабенің отставкаға кеткенін хабарлады. Мугабе өз хатында «шешімді ерікті түрде қабылдағанын, билікті бейбіт жолмен тапсыруға дайын екенін» айтқан,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент биліктен кеткен соң ел астанасы Харареде халық көшеге шығып, тойлай бастаған.

15 қарашада Зимбабведе әскерилер төңкеріс жасап, билікті басып алған. Ал 19 қарашада "Зимбабвенің африкалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан" партиясы Мугабені партия басшылығынан алып, биліктен кетпесе импичмент жариялайтынын мәлімдеген. Осы күні Мугабе елдегі CNN арнасының эфирінде сөйлеген сөзінде «биліктен кетпейтінін» айтқан еді.

93 жастағы Роберт Мугабе Зимбабве Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1980 жылдан бері билікте отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір