• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:08:05
Алматы
+35°

08 Қазан, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Мұхтар Тайжан: Атамбаевтың сөзіне өз басым ренжімеймін

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне байланысты Мұхтар Тайжан да өзінің пікірін фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді,..

Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне байланысты Мұхтар Тайжан да өзінің пікірін фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Атамбаевтың сөзіне өз басым ренжімеймін. Шындықты бетімізге басып айтты. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп, жағымпазданып айтады», — деп жазған Мұхтар Тайжан өзінің фейсбук парақшасына.

Сонымен бірге ол қырғыз халқын әлі де бауыр санайтынын айтқан.

«Кім не десе о десін, әсіресе алжыған саясаткерлер... Ал мен үшін қырғыз xалқы бауыр xалық. Иә, көршілердің арасында бәрі де болады. Ал бірақ та өзбек, қырғыз ұлттарға Мұстафа Шоқай атамыздың көзқарасымен қарауымыз жөн. Сондықтан көрші, бір туған қырғыз, өзбек бауырларымызбен достығымыз ешқашан өшпесін!», — деді Мұхтар Тайжан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір