Мұхтар Құл-Мұхаммед. Арғымақ, сені сақтадым...

Мұхтар Құл-Мұхаммед. Арғымақ, сені сақтадым...
ⒸOpen source

Қазақ баласының жылқы атаулыға елең етпейтіні сирек. Қылқұйрықтыға деген мұндай құрмет халқымызда қанмен, қанмен емес-ау сүйекке сіңіп, жанмен біткен қасиет болса керек.

Қиял шіркіннің көк дөненіне мініп, алыс-жақын тарихты есте жоқ ескі замандардан желден де жүйрік бүгінгі күнге дейін шолар болсақ аспанда ақбозат, көкбозаттар кісінеп, санаңда сағымға оранған сәйгүліктер жортады; тауды бұзып, тас қашаған дәуірден қалған белгі іздесең, ақтас, көктастардың бетінен таңбалы тұлпарлар қылаңдайды; қола қорытып, шойын құйған кездердегі құм басқан көне қоныстардан бабалар мұрасын аршысаң, қоладан құйылған қазанаттар шығады алдыңнан; сақ, сармат бабаларымыздың алтынды аптап, күмісті күптеп, мейманасы тасқан дәуірінен жеткен жәдігерлерден арғықазақтың алтын жалды арғымақтары арқырайды; көк тәңірге сыйынған көк түріктер тарихынан тамыр тартсаң, мұздай темір құрсанған батырлар мінген тұлпарлар ауыздығымен алысады; Алтын орда мемлекетін құрған кезеңге құлақ түрсең, Ақырғы теңізге аттанған дүлділдер дүбірін естисің; бабалардың тілі кәлимаға келіп, басы сәждеге тиген кезден сыр тартсаң, пейіштің пырақтары келеді көз алдыңа; ұлы далада Қазақ хандығын құрып, ұлт боп ұйысу жолына түскен ұлық кезеңге үңілсең, «абылайлап» ұран салған хан-батырлардың қазанаттары тұяғымен жер тарпиды; тасқа қашалып, теріге басылып, киізге өрнектеліп, ағашқа оймышталып, темірге нақышталған сансыз көп өнер туындыларынан саңлақтар суырылады.

Ей, ер қазақтың баласы, бүгінгі ұрпақтың тақымында тулаған небір ағылшын, ақалтеке, араб арғымақтарының үзеңгісін үздіре шіреніп, кеудеңді шалқақ, еңсеңді биік ұстап байтақ та бостан еліңе көз жіберші – не көреді екенсің: күміс жалды құлындар құлдыраңдап, белдеудегі биелердің желіні сыздайды; аламанға түсетін аттар тыпыршып, үйірін үйірген айғырлар азынайды.

Боз биелер байырқылағанда сен де дамылдап, құтты мешін үйіңе қарай қадам басқанда алдыңнан арсалаңдап шығар балаңды да «құлыным» деп еміренетініңді қайтерсің. Төрге озып, жарың ұсынған кесені қолыңа алсаң, сауға – қуат, ауруға – ем сапырылған сары қымыздың исі мұрныңды жарады; таңдайдан шығар бабалар сусынын сіміре жұтып, алдындағы табаққа қол созсаң, дертке – дауа, жанға – шипа қазы-қарта, жал-жая жатады төңкеріліп; бой жазылып, жан сергіген тұста домбыраға қол соқсаң, «қара жорға», «торы жорғалар» тайпалып, әуелетіп ән салсаң, «ақбақай», «маңмаңгер», «телқоңырмен» тарқатасың көңіл шерін.

Иә, қазақтың бар тірлігі адал жар, алмас қылыш, алғыр тазы, қыран бүркітпен қатар бабалардан қалған жеті қазынаның бірі һәм бірегейі қасиетті, қанатты тұлпарлармен бірігіп, біте қайнасып кеткен.

Бар ғұмырын арғымақтың жалында өткізген ата қазақ бар тарихын тұлпардың тұяғымен жазған.

Ұлтымызда оттан да ыстық ұғым бар, ол – Отан. Сол Отанның тағдыры сынға түскенде бабалар айтқан ұрпаққа аманат болған қастерлі ұран бар, ол – «аттан». Оның мағынасы «атқа қон», «атқа мін» екені шығар күндей шындық, атар таңдай ақиқат.

Өмірдің өзі – жалы күдірейген, кекілі төгілген, үзеңгілері сартылдап, ауыздықтары қаршылдаған небір қағылез бас, құйма тұяқ, бота тірсек, құлан құйрықты күлік мінгендердің аламан бәйгесі.

Бүкіл ғұмырын ат үстінде, арғымақ жалында өткізген, ана сүтімен ауызданып, жылқы сүтімен жетілген ер қазақтың барша азаматтарына әрдайым өмірдің аламан бәйгесінің алдында болуын тілеймін!

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 4 ай бұрын

    Мінсең ат, жүрсең қанат, жесең тамақ, қасиетіңнен айналдым жылқы баласы! Мұхтар ағаның жаны қазақ екені осындай мақаласынан көрінеді ғой. Керемет!

    • 4 ай бұрын

      Көз алдымнан сайын далада көсіліп шапқан үйір-үйір жылқылар елестеп кетті ғой. Жылқыны жазсақ осылай жазайықшы

      • 4 ай бұрын

        Мұхтар Құл-Мұхаммедті негізінен саясаттың адамы деп қабылдап келіп едім. бүгінге дейін. Осы жақында ғана көлемді еңбегін оқыдым. Қасым Қайсенов туралы. Оның алдында осы сайтқа әкесі туралы жазған үлкен шығармасын оқыдым. Енді міне, шағын болса да астарында айтары мол жазбасы жарияланып отыр. Осыдан кейін мен Мұхтар мырзаны негізінен саясатты деп емес, саясат пен шығармашылықтың туын бірдей көтеріп, екеуін де аса жоғары деңгейде желбіретіп жүрген ұлттың бағына туған оғлан деп танитын болдым. Жасай беріңдер, қзақтың атпал азаматтары!

        1
        Балқаштағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов есімі берілмек
        26/05 13:58 1 89
        2
        Жандарбек Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді
        26/05 11:47 0 101
        3
        Джекрмал Чарло Головкиннің орнына "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты
        26/05 10:59 0 152
        18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
        26/05 10:36 2 376
        Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін
        26/05 10:23 0 219

        Таныстырылғандар

        Ердоған БҰҰ-ны айыптады
        Ердоған БҰҰ-ны айыптады
        Ердоған БҰҰ-ны айыптады
        Ердоғанның айтуынша, ұйымның жағдайы әдбен нашарлап кеткен.
        17/05/2018 12:02 0 608
        Елбасы: Биылғы форум жаһандық сындарға тиімді жауап іздеуге бағытталған
        Елбасы: Биылғы форум жаһандық сындарға тиімді жауап іздеуге бағытталған
        Елбасы: Биылғы форум жаһандық сындарға тиімді жауап іздеуге бағытталған
        Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл әлем үшін өте күрделі кезең
        17/05/2018 12:32 27 548
        Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді
        Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді
        Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді
        Ресейге қатысты жаңа шектеулер
        17/05/2018 13:10 0 503
        Президент әлемдегі бес мегатрендті атады
        Президент әлемдегі бес мегатрендті атады
        Президент әлемдегі бес мегатрендті атады
        «2030 жылға дейін жасанды интеллект әлемдік экономиканың қаржысын 16 триллион долларға дейін көбейтеді» - деді президент.
        17/05/2018 14:41 46 888
        Қазақстан Президенті БҰҰ-ның сегізінші хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті
        Қазақстан Президенті БҰҰ-ның сегізінші хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті
        Қазақстан Президенті БҰҰ-ның сегізінші хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті
        Әңгімелесу барысында тараптар Боао Азия форумы мен Астана экономикалық форумы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
        17/05/2018 16:53 0 424
        Біләл Қуаныш. «Қамшыға» - 6 жыл! Алты таспа қалай өрілді?
        Біләл Қуаныш. «Қамшыға» - 6 жыл! Алты таспа қалай өрілді?
        Біләл Қуаныш. «Қамшыға» - 6 жыл! Алты таспа қалай өрілді?
        Абыройлы болатыны – ел ішінде, ақпараттық алаңда бір серпіліс туды.
        18/05/2018 23:59 12 1681
        Елбасы Куба басшысына жеделхатпен көңіл айтты
        Елбасы Куба басшысына жеделхатпен көңіл айтты
        Елбасы Куба басшысына жеделхатпен көңіл айтты
        "Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген Елбасы жолдаған жеделхатта.
        19/05/2018 13:53 29 364
        Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
        Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
        Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
        Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, найзағай мен желдің күшейюі күтіледі.
        20/05/2018 18:39 0 3323
        Елбасы Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлесті
        Елбасы Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлесті
        Елбасы Шавкат Мирзияевпен телефонмен сөйлесті
        Телефонмен сөйлесу Өзбекстан тарапынан ұсынылғаны хабарланды.
        21/05/2018 17:48 13 508
        Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартуға дайын
        Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартуға дайын
        Трамп Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартуға дайын
        Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуды талап ететін елмен келіссөз жүргізгісі келмей отыр
        22/05/2018 14:15 0 336
        ОҢ БАҒЫТҚА – ОН ҚАДАМ
        ОҢ БАҒЫТҚА – ОН ҚАДАМ
        ОҢ БАҒЫТҚА – ОН ҚАДАМ
        Солардың ішінен біз халық үшін ең маңызды деген негізгі он жобаны іріктеп алып, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтуді жөн көрдік.
        22/05/2018 14:30 1 427
        Қытай түрмесінде жазықсыз отырған қазақтарды елге қайтару басталды
        Қытай түрмесінде жазықсыз отырған қазақтарды елге қайтару басталды
        Қытай түрмесінде жазықсыз отырған қазақтарды елге қайтару басталды
        Жазықсыз түрмеде отырғандар қытай үкіметінен әрқайсысы бір миллион доллардан өтемақы талап етуді көздейді.
        24/05/2018 14:13 1 7689
        Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңға Елбасы жария түрде қол қойды(видео)
        Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңға Елбасы жария түрде қол қойды(видео)
        Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңға Елбасы жария түрде қол қойды(видео)
        Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр.
        24/05/2018 16:46 25 490
        Қытайға қайтарылады деген қазақ әйелі жайлы сауалға ҰҚК жауап берді (видео)
        Қытайға қайтарылады деген қазақ әйелі жайлы сауалға ҰҚК жауап берді (видео)
        Қытайға қайтарылады деген қазақ әйелі жайлы сауалға ҰҚК жауап берді (видео)
        Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне ресми сауал жолдаған еді.
        24/05/2018 22:36 12 8693
        Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі: Қытайға қайтарса, оны өлім жазасына кеседі
        Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі: Қытайға қайтарса, оны өлім жазасына кеседі
        Сайрагүл Сауытбайдың күйеуі: Қытайға қайтарса, оны өлім жазасына кеседі
        Екі баласын ертіп келген күйеуі, бүгінде Алматы облысы, Бәйдібек би ауылының тұрғыны Уәли Сіләм әйелі заң бұзған болса, Қазақстанда сотталсын деп отыр.
        25/05/2018 19:53 1 5564