• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 22:53:14
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018 NEWS

«Мұндай сатқындықты ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын» - Асанәлі Әшімов

Айта кетер болсақ, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге пара пара алғаны үшін ұсталған болатын

Алматы қаласында Әуезов театрының директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш баспасөз конференциясында елімізге белгілі актер Асанәлі Әшімов өз пікірін білдірді.

«Қымбатты әріптестер. Бұл театрдың тарихына тоқталып отырудың қажеті жоқ. Себебі, бұл театрдың істеп жүрген жұмыстары қашан да ел алдында көрініп тұрады. Әсіресе, соңғы екі жылда бірнеше елдерге гастрольдік сапарлармен шығып, үлкен мемлекеттерге барып елімізді танытып жүр. Мұның барлығы, әрине, театрдың директорына байланысты, басшылыққа байланысты.

Біренеше жерлерде сұхбат бергенімде, осы театрдың қазіргі таңда жақсы дәрежеде, басшылығының арқасында беделі жақсы екендігін мақтанышпен айтып жүремін. Ерланның адал, ары таза азамат екендігін, сегіз қырлы, бір сырлы екендігін халық біледі. Осы біздің коллективті тұрғызып қойып дауысқа салсаң, 99 пайызы бұл сөзімнің дұрыстығына қосылар еді. Арасынан оны қаралайтын бірең-сараң ғана адам табылуы мүмкін, коллектив болғаннан соң ондай міндетті түрде болады. Кез келген адам жүз пайыз елдің бәріне жақсы көріне бермейді.

Мен айтар едім, шетелдерде, көптеген өркениетті елдерде пара беріп, ұстап берген адамды соттайды. Ол адамды сатқын дейді. Сондықтан, мен бұл істі ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын», - дейді Асанәлі Әшімов.

Қазақстан Театр қауымдастығының президенті, халық әртісі  Асанәлі Әшімов Ерланға пара берген азаматтарды да жазаға тартуды сұрады.

Айта кетер болсақ, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге пара пара алғаны үшін ұсталған болатын.

М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләл  өзінің кінәсін толықтай мойындағандықтан қамауға алынған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір