• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:47:56
+35°

10 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді

Сонымен бірге заң жобасында қару сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру де қарастырылған.

Флорида штаты парламентінің жоғарғы палатасы Парклендтегі мектепте болған атыстан кейін мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беріп, заң бойынша мақұлдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК сайтының дерегін негізге ала отырып.

Сонымен бірге заң жобасында қару сатып алуға рұқсат етілетін жас мөлшерін 18-ден 21 жасқа дейін көтеру де қарастырылған. Ал депутаттар жартылай автомат қарудың ату жылдамдығын арттыратын құрылғыларды сатуға тыйым салды. Ережелерді қатаңдатуды 20 сенатор қолдаса, 18 депутат қарсы болған. 

Бұдан бөлек, заң жобасында мектептерде күзетшілер санын ұлғайту, сондай-ақ кейбір мұғалімдерге қару ұстауға рұқсат беру көзделген. 

Айта кететін болсақ, Парклендтегі «Marjory Stoneman Douglas» мектебінде 15 ақпанда атыс болып, салдарынан 17 адам қаза тапты. Оқушыларға бұрын сол мектепте оқыған 19 жастағы бозбала оқ жаудырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір