• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:54:03
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 Оқиғалар

Монахтардың мұсылмандарға жасаған зұлымдықтарына қатысты дәлелдер табылды

Amnesty International халықаралық заң ұйымы Мьянманың Ракхайн штатында әскерилердің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанына сенімді дәлелдер бар екенін мәлімдед

Amnesty International халықаралық заң ұйымы Мьянманың Ракхайн штатында әскерилердің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанына сенімді дәлелдер бар екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazislam.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ұйымның жаңа есебіне сәйкес, Мьянмада жаппай зорлық-зомбылық, қастандық, зорлау, қысым көрсету және мұсылмандарды әскерилердің күшімен қуып шығу фактілеріне қатысты көптеген деректер бар. Amnesty International ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Мьянмаға қару кіргізуге тыйым салуға және азиялық мемлекеттің жоғары шенді тұлғаларына санкция жариялауға шақырды.

Ұйым мәліметінде Мьянмада жүздеген ер, әйел адамдар мен рохиньялық балалар жаппай және жүйелі қырып-жою құрбанына айналғаны атап көрсетілген. Бұл есеп 150 куәгердің, спутниктік деректердің, фото-бейнематериалдардың негізінде жинақталған.

Amnesty International ұйымының Мьянма бойынша зерттеуші маманы Лаура Хайдың айтуынша, елдегі рохиньялықтарға қарсы қылмыс Мьянмада тұратын качин, шан және палаунг секілді этникалыз азшылық қауымдарға жасалатын қастандықтарға ұқсас. Ол Мьянма әскерилері заңсыз әрекеттерге барып отырғанын, сондай-ақ ешкімнің алдында есеп бермейтіндерін атап көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір