• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:12:12
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018 Әлеумет

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің негізгі бағыттары

Іс-шараға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова және басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел қатысты.

Орталық коммуникациялар қызметінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің елімізде қызмет атқаруының өзекті аспектілеріне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның президенті Сәуле Дүйсенова және басқарушы директоры Нұрсұлу Кемел қатысты.

2017 жылы 772 мыңнан астам қазақстандықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 156,5 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер алды.

Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға жұмсалған қаржы 62,2 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 74,1 млрд., еңбекке жарамсыздыққа қатысты 9,9 млрд., асыраушысынан айырылу бойынша 7,8 млрд. және жұмыссыз қалуға қатысты 2,1 млрд теңге қарастырылған.

2018 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 5,9 млн. адам үшін әлеуметтік

аударымдар жасалды.

            Әлеуметтік аударымдар жұмысшының еңбекақысынан ұсталынбайды, олар жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді. Демек жұмысшы өз меншік қаражатын жұмсамайды. Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі табыстың 3,5 %-ын құрайды.

Әлеуметтік төлемдердің сатып алу қабілеттіліктерін қолдау мақсатында макроэкономикалық параметрлердің өзгерістерін, оның ішінде құнсыздануларды ескере отырып, МӘСҚ активтерінің есебінен әр жыл сайын еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуы бойынша төлемдердің мөлшері өсіп отыратынын атап өту қажет. 1 қаңтардан бастап осы санаттағы 100 мыңға жуық төлем алушыларға әлеуметтік төлемдер мөлшері 16%-ға арттырылды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – бұл еңбек ету қабілетінен, отбасы асыраушысынан, жұмысынан айырылғанда, жүктілігіне және босануына байланысты немесе жаңа туған баланы асырап алғанда, сонымен қатар бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдай туындағанда, жұмыс істейтін халықты қолдау үшін қосымша қорғау деңгейі. Осы аталған жағдайларда жүйеге қатысушы (демек, ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізген жағдайда) немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ әлеуметтік төлемдер алады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап 4 млн. жуық адам МӘСҚ-нан жалпы сомасы 905 млрд. теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір